| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Баспасөз баяны Асқар Жұмағалиев «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да болды

4 маусым 2015
Баспасөз баяны Асқар Жұмағалиев «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да болды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да болды. Бұл Қазатомөнеркәсіп басшысының осы қызметке тағайындалғалы бері танысқан компанияның алғашқы еншілес кәсіпорны еді.

Уран және тантал өндірістерінде болған Ұлттық атом компаниясының басшысы уран және тантал өнімдерін шығару технологиясымен жақыннан танысып, «Машзауыт» ЖШС мен кәсіпорынның Көрме-ақпараттық орталығын аралады.

Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы бірінші кезекте Үлбі металлургиялық зауытын дамытудың болашағына аса мән берді. Бұл туралы Асқар Жұмағалиевтің «ҮМЗ» АҚ басшылығымен кездесуінде кеңінен сөз болды. Компания басшысы атап көрсеткендей, зауыттың келешегі бірқатар жобалармен тығыз байланысты, олардың арасында жылу бөлгіш құрамалар өндірісін құру мен конверсиялық өндіріс салу да бар. Отырыста осы жобаларды іске асыруға бағытталған кезек күттірмес міндеттер белгіленді.

Компания басшысы «ҮМЗ» АҚ-ның әлеуеті мықты екенін, сондықтан холдингтің даму стратегиясын жүзеге асырудағы Қазатомөнеркәсіптің жоспарларында оған айрықша орын берілгенін атап өтті.

«ҮМЗ» АҚ –  атом электр стансалары үшін уран диоксидынан отын таблеткаларын және құрамында бериллий, тантал, ниобий бар өнімдер шығару бойынша танымал әлемдік көшбасшылардың бірі.

www.ulba.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 25 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру