| (AIX)    USD 39.23   %   1.24 KZT 18110   %   0.56

Асқар Жұмағалиев АЭЖХА басшысымен кездесті

26 тамыз 2015
Асқар Жұмағалиев АЭЖХА басшысымен кездесті

24-25 тамызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Австрияға жұмыс сапары барысында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің штаб-пәтерінде болды.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы АЭЖХА Бас директоры Юкиа Аманомен және оның кепілдіктер жөніндегі орынбасары Теро Варьорантамен, ядролық энергия мәселелері жөніндегі орынбасары Михаил Чудаковпен, ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғаныс мәселелері жөніндегі орынбасары Дэнис Флоримен кездесті.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік басшылығы АЭЖХА төмен байытылған уран банкін құру мәселелерін және ынтымақтастықтың басқа да қырларын талқылады.

Сапар шеңберінде Асқар Жұмағалиев АЭЖХА-ның Зайберсдорф қаласындағы талдау зертханасын аралады. Қазатомөнеркәсіп басшысы ядролық технологияларды ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа салаларда қолдану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілетін көп салалық орталық қызметімен танысты. Сондай-ақ, зертхана АЭЖХА-ға мүше елдерге өзінің талдау қызметтерін ұсынып, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану бойынша зерттеулер жасауда және атом саласы үшін мамандар даярлауда қолдау және көмек көрсетеді.

Пікір қалдыру