| (AIX)    USD 31   %0      KZT 16685   %0     

Қазатомөнеркәсіп 2024 жылғы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметті қорытындылады

21 ақпан
Қазатомөнеркәсіп 2024 жылғы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметті қорытындылады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2024 жылғы өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметтің қорытындылары мен 2025 жылдағы міндеттерге арналған HSE жөніндегі XXVII корпоративтік кеңес өтті. Іс-шараға компанияның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» АҚ, оның портфельдік компанияларының, атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Өндірістік қауіпсіздік Қазатомөнеркәсіптің басты басымдығы болып қала береді. Оған еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық, ядролық, өрт және автокөлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шаралары кіреді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп HSE саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары арасында бірінші орынды иеленді. Бұл нәтиже қызметкерлердің жоғары белсенділігі, өндірістік қауіпсіздік қызметі мамандарының кәсібилігі және еңбекті қорғаудың корпоративтік мәдениетін ұстану арқасында мүмкін болды. Жеке және ұжымдық жауапкершілік – мәдениеттің негізгі қағидаттары: әрбір қызметкер қауіпсіздік пайдасына шешім қабылдауға және нақты оқиғалар туралы ғана емес, сонымен қатар ықтимал тәуекелдер туралы да хабарлауға құқылы. Бұл еңбекті қорғау жағдайларын үнемі жақсартуға, жарақаттануды азайтуға және апаттардың алдын алуға ықпал етеді.

Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин компания қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Бұл іс-шараны өткізу Қазатомөнеркәсіптің маңызды дәстүріне айналды. Бұл жылды қорытындылауға, қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға, сабақ алуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді. Біздің қауіпсіздікке деген көзқарасымыз болашақ ұрпақ үшін жұмысшылар мен қоршаған ортаның денсаулығын қорғау ғана емес, сонымен қатар тиімді және тұрақты өндірістің кепілі болып табылады. Қауіпсіздік мәдениеті жоғары кәсіпорындар үнемі үздік операциялық көрсеткіштерді көрсетіп отырады», - деді Арман Арғынғазин.

Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов 2024 жылғы өндірістік қауіпсіздік бойынша барлық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін, ал LTIFR жарақаттану жиілігі коэффициенті бөлігінде өткен жылдармен салыстырғанда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Қазатомөнеркәсіп қауіпсіздік мәдениеті мен экологиялық жауапкершілікті дамытуды жалғастырады. Бұл саладағы жұмыс үздік әлемдік тәжірибелерге, тәуекелге бағдарланған тәсілдерге, IT-технологиялар мен жасанды интеллектті кеңінен қолдануға негізделетін болады. Кәсіпорын басшыларының көшбасшылығы мен тартылуына, сондай-ақ HSE мәселелерінде қызметкерлердің хабардарлығы мен құзыреттілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Кеңес аясында атом холдингінің қызметкерлері мен кәсіпорындарын марапаттау рәсімі өтті. «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік кәсіпорын» байқауының қорытындысы бойынша 1-орын «Семізбай-U» ЖШС, 2-орын – «Волковгеология» АҚ-на және 3-орын – «Аппақ» ЖШС-ке берілді. Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасының сыйлығымен қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және HSE стандарттарын сақтауға елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.

Компания өндірістік қауіпсіздік пен тұрақты дамудың жоғары стандарттарын қолдай отырып, озық технологияларды одан әрі енгізуге, экологиялық тәуекелдерді төмендетуге және қатысушы өңірлердегі қызметкерлер мен халық үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге ниетті.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Алтынай Кәрібжанова, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: ir@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру