| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарына барды

29 тамыз 2023
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарына барды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) «Хорасан-U» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС еншілес кәсіпорындарын аралады.

Қор басшысы өндірістік объектілермен және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты. Кәсіпорын басшылары іске асырылған және перспективалы жобалар, болашаққа арналған жоспарлар, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.    

«2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемде уранның 42% өндірді! Біздің еліміз – абсолютті көшбасшы. Бұл Қазатомөнеркәсіптің үлкен еңбегі. Жарияланған өндірістің жартысынан көбі соның үлесінде – 22%. Компанияда және оның еншілес кәсіпорындарында бірегей мамандар жұмыс істейді. Кен орындарында өндіру ең жоғары технологиялық әдістердің бірі – жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізілетіндіктен бізге әлемнің түкпір-түкпірінен тәжірибе үйренуге келеді. Ия, бұл күрделі, бірақ нәтижесі өзіндік құн жөнінен ең бәсекеге қабілетті. Бұл бізге халықаралық нарықтарда үлкен артықшылық береді», - деді Нұрлан Жақыпов.

«Қазатомөнеркәсіп өзі жұмыс жүргізетін өңірлердегі ең ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. 2022 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға өңірлердің бюджетіне 2,6 млрд теңге аударылды. Әлеуметтік жобаларды іске асыруға 900 млн теңгеден астам, ал денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға 531 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға 8 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Өткен жылы табиғатты қорғау іс-шараларына салынған инвестициялар 1 млрд теңгеден асты», - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков.

Бүгінгі таңда атом холдингінде 20 000-нан астам адам жұмыс істейді. 2010 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіп уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы, ал 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша әлемде 1-ші орында. Компания кен орындарын игерудің ең қауіпсіз және экологиялық таза әдісін – жер асты ұңғымалы шаймалау әдісін қолданады және өндіріс құнының ең төменгі көрсеткіштерінің біріне ие.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 (7172) 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% – ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда

«Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» ЖШС

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Солтүстік Хорасан» кен орнының Хорасан-1 және Хорасан-2 учаскелерінде уран барлауды және өндіруді жүзеге асыратын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары.

Пікір қалдыру