| (AIX)    USD 39.87   %   1.14 KZT 18195   %   -0.71

Қазатомөнеркәсіптің бір топ жас мамандары Франциядағы AREVA Inc. кәсіпорындарында болып қайтты.

20 сәуiр 2017
Қазатомөнеркәсіптің бір топ жас мамандары  Франциядағы AREVA Inc. кәсіпорындарында болып қайтты.

Қазатомөнеркәсіптің бір топ жас мамандары ядролық отын циклының (ЯОЦ) барлық буындарына қатысатын әлмдегі санаулы компаниялардың бірі – Франциядағы AREVA Inc. компаниясының кәсіпорындарында болып қайтты.

Әріптестеріміз бір апта ішінде елдің жартысына жуығын аралап, француздық ЯОЦ-ның барлық буындарын көзбен көріп шықты. Пайдаланылған ядролық отынды өңдейтін, АЭС-ке арналған жабдықтар әзірлейтін, ядролық отын шығаратын, уран байытатын және конверсиялайтын, МОХ отын өндіретін зауыттармен танысты.

– Мұндай тәжірибе алмасулар жас мамандарды жаңа идеялар ұсынуға, рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстар енгізуге ынталандырады. Технологиялық тармақтардың ықшамдылығы ұнады, бәрі де бүге-шүгесіне дейін ойластырылған. Процестер компьютер арқылы бақыланады. Кей цехтарда адам мүлде жоқ, қажетсіз ешкім де кірмейді. Ал келесі бір нысандарда қорғаныс маскасынсыз жүріп, қазіргі заманғы уран өндірісінің қаншалықты қауіпсіз екендігін аңғартқандай. Сондай-ақ, өндірістің экологиялық тазалығының дәлеліндей етіп зауыт аумағында тоғандар салған, оларда үйректер жүзіп жүргенін, жағасында жүгірген қоян мен ондатрды көрдік, - деп әңгімелейді Қазатомөнеркәсіп компаниясының ЯОЦ жобалар департаментінің менеджері Елдос Жармұхамедов.

фоторепортаж: https://www.facebook.com/kazatomprom.kz/

 

Пікір қалдыру