| (AIX)    KZT 18050   %   0.28 USD 39.96   %   0.78

АЭХА ядролық энергетика саласындағы Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастықты жалғастырады

19 сәуiр 2023
АЭХА ядролық энергетика саласындағы Қазатомөнеркәсіппен ынтымақтастықты жалғастырады

2023 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында АЭХА Бас директоры Рафаэль Гросси «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) болды.

Делегация құрамына ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Австриядағы елшісі Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі бас директоры Досболат Сарымсақов және басқалар кірді.

Сапардың мақсаты – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Төмен байытылған уран (ТБУ) банкімен танысу.

ТБУ – АЭХА-ға тиесілі ТБУ банкінде сақталатын және ҮМЗ басқаруындағы ТБУ сақтық қоры.  Ол 2019 жылы ядролық отын өндіруге пайдалануға болатын шикізаттың кепілдендірілген қорын қалыптастыру үшін құрылды. ТБУ материалды әдеттегі коммерциялық жолмен ала алмайтын елдерге, сондай-ақ ерекше жағдайларда АЭХА шешімі бойынша жеткізілуі мүмкін.

Уран гексафториді түріндегі ТБУ стандартты жеңіл сулы реактор үшін отын өндірудің бастапқы шикізаты болып табылады. Материал жоғары беріктігі бар болаттан жасалған герметикалық болат цилиндрлерде сақталады. Бұл қатаң сынақтан өтетін және барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін арнайы сертификатталған контейнерлер.

«Қазақстан Республикасының Президентімен кездесу барысында түрлі мәселелер, оның ішінде елдің атом саласын дамытуға байланысты мәселелер талқыланды. - деді АЭХА Бас директоры Рафаэль Гросси. – Қазақстан әлемдік атом нарығындағы өте маңызды ойыншылардың бірі болып табылады және төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі жобаны іске асыру біздің табысты өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жақсы үлгісі, сондай-ақ атом энергетикасының қауіпсіз әрі пайда әкелетінін растайды. Сондай-ақ, ҮМЗ өкілдерінің осы жоба аясында бірнеше рет көрсеткен жоғары кәсібилігін атап өткім келеді. АЭХА ТБУ банкін құру үшін Қазақстан Республикасын, атап айтқанда, осы зауытты таңдау туралы шешім дұрыс болды, мен өзім бүгін бұған анық көз жеткіздім».

«Бүгінде әлемде болып жатқан елеулі геосаяси оқиғалар Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі 30 жыл бұрын алға қойылған бастамаларының дер кезінде, дұрыс болғанын және еуразиялық кеңістікте бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға баға жетпес үлес қоса отырып, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарғанын көрсетеді. Әлемдегі ең ірі табиғи уран қорларының біріне ие бола отырып және оны өндіру бойынша бірінші орынға ие бола отырып, Қазақстан АЭХА кепілдігімен бейбіт атомды дамытуды жақтайды және ядролық қаруды таратпау режимін қолдау жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдайды»,- деді Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов: «АЭХА ТБУ банкін Қазақстан аумағында орналастыру еліміздің оң имиджін қалыптастырады. АЭХА ең заманауи технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірегей ғылыми алаң болып табылады және Қазатомөнеркәсіп атом өнеркәсібі мен ядролық технологияларды дамыту саласындағы бірлескен жұмысымызды жалғастыратын болады», - деп атап көрсетті.

«2023-2024 жылдары Үлбі металлургия зауыты АЭХА ТБУ банкінде сақталған цилиндрлерді қайта сертификаттауды жүргізуді жоспарлап отыр. Әлемдік тәжірибеде алғаш рет қайта сертификаттау толтырылған цилиндрлерде жүргізіледі. Біз АЭХА ТБУ банкінің операторы ретінде Үлбі металлургия зауытын таңдау туралы АЭХА шешімін жоғары бағалаймыз және қол қойылған келісімдер шеңберінде өз міндеттемелерін толық көлемде орындауды жалғастырамыз», - деді «ҮМЗ» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Бежецкий.

Сондай-ақ, қонақтар ҮМЗ бірлескен кәсіпорны – «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-тің жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауытына барып, ҚХР атом электр станциялары үшін ядролық отын дайындау үдерісімен танысты. Зауыт 2021 жылдың соңында іске қосылған, оның жобалық қуаттылығы уранға шаққанда жылына 200 тонна өнімді құрайды. Жобаны іске асыру атом холдингіне өндірісті әртараптандыруға және максималды қосылған құнымен жоғары сапалы экспортқа бағдарланған өнім алуға мүмкіндік берді.

Бұл сапар Қазақстанның атом саласы үшін және тұтастай алғанда ел үшін стратегиялық сипатқа ие және халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның ядролық саладағы әлемдік ынтымақтастық орталығының барлық халықаралық талаптарын сақтауға бейілділігін көрсетеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша

Ерлан Магзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

E-mail: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

E-mail: pr@kazatomprom.kz

 

Үлбі металлургия зауыты туралы

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да қызмет салаларының қажеттіліктері үшін әлемде танылған уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өндірушілердің бірі. Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп - 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22%  мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру