| (AIX)    KZT 18215   %   -0.19 USD 41.18   %   0

Ақпараттық хабарлама

22 маусым 2023
Ақпараттық хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») үстіміздегі жылдың 19 маусымында Қызылорда облысындағы «СКЗ-U» ЖШС-тің күкірт қышқылын өндіру учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде электр энергиясын берудегі іркілістерге байланысты сорғылардың бірінің өздігінен қосылуы нәтижесінде жөндеу үшін ашылған жабдықтан күкірт қышқылының төгілгені туралы хабарлайды.

Химиялық күйік алу салдарынан жөндеуді жүзеге асырған механикалық қызметтің екі слесарі зардап шекті. Оқиға орнында «СКЗ-U» ЖШС медицина қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлердің тексеруінен кейін қызметкерлердің бірі ауруханаға жатудан бас тартты. Денесін айтарлықтай химиялық күйік алған екінші қызметкер Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізіліп, содан кейін «СКЗ-U» ЖШС оны реанимобильмен Шымкент қаласындағы мамандандырылған күйік орталығына тасымалдауды қамтамасыз етті, ол қазіргі уақытта сол жерде емделуде.

«СКЗ-U» ЖШС бас директоры зардап шеккен әріптесінің халінен хабар алып, оның денсаулық жағдайын аурухананың бас дәрігерімен талқылады. Қызметкер дәрігерлердің үнемі бақылауында, сонымен қатар барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын тарапынан зардап шегуші мен оның отбасына материалдық көмек және моральдық қолдау көрсетілуде.

Болған жазатайым оқиға туралы уәкілетті мемлекеттік органдар дереу хабардар етілді. Мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын арнайы комиссия осы оқиғаға тергеу жүргізеді.

Жағдай «СКЗ-U» ЖШС және Қазатомөнеркәсіп басшылығының бақылауында.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұратулары бойынша

Сабина Кумурбекова,   PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек,  PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Пікір қалдыру