| (AIX)    USD 38.34   %0      KZT 18185   %0     

Баспасөз баяны Қазатомөнеркәсіп пен америкалық ядролық-энергетикалық компания ынтымақтастықты көздейді

21 қазан 2015
Баспасөз баяны Қазатомөнеркәсіп пен америкалық ядролық-энергетикалық компания ынтымақтастықты көздейді

Америка Құрама Штаттарына сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен «Centrus Energy Corp.» корпорациясының аға вице-президенті Кевин Олдред (Kevin Alldred) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатта қос компанияның атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының негізгі шарттары белгіленген. Меморандум шеңберінде қазақстандық уранды әлемдік нарыққа шығарудың бәсекеге қабілетті жеткізіп берулері бойынша өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту көзделуде.

Америкалық «Centrus Energy Corp.» компаниясы АҚШ-тың өнеркәсіптік атом электр станцияларына негізгі отын жеткізіп беруші саналады.

АҚШ-қа сапары кезінде Асқар Жұмағалиев дүние жүзілік ірі ядролық-энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлерімен - «Westinghouse Electric Company» президенті және бас атқарушы директоры Дэнни Родерикпен және «Cameco» президенті Тим Гитцелмен кездесуді жоспарлауда. Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы әріптестерімен саланың қазіргі ахуалын, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың барысын және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Кездесулер қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев бизнес-серіктестерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырады.

Сондай-ақ, сапар аясында «Қазатомөнеркәсіп» басшысы ядролық-энергетикалық секторда жұмыс жүргізетін компаниялардың өкілдерімен де екі жақты іскерлік кездесулер өткізбек. Асқар Жұмағалиев салынып жатқан атом станциясын аралап, «Westinghouse» компаниясының отын құрамаларын шығаратын зауыты жұмысымен танысады.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру