Фото Турар Казангапов ©
Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХІІІ форумы аясында ҚР энергетика министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» мемлекеттік корпорациясы арасындағы өзара түсіністік және ядролық отын циклы саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты ұлғайту жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Үш жақты меморандумға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директоры Сергей Кириенко қол қойды.
Меморандумда тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының Кешенді бағдарламасындағы бұрын қол жеткізілген келісімдердің бұлжымастығын бекітіп, бірлескен кәсіпорындардың әрекеттегі инфрақұрылымдарын пайдалана отырып, сонымен қатар табиғи уран өндіру, конверсия, отын фабрикациялау және ЯОЦ қорытындылаушы сатысындағы сегменттерде серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға күш жұмылдыруға уағдаласты.
Құжат сондай-ақ, МАГАТЭ-нің халықаралық жобаларына бірлесе қатысу ықтималдығын қарастыруды және Ресейдің Қиыр Шығысында орналасқан әрекеттегі көлік-логистикалық мүмкіндіктерді бірлесе пайдалануды көздеген.
Меморандумды дамытуға сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Росатомның уран өндіруші дивизионы құрамындағы Uranium One Inc. компаниясы арасындағы «Қаратау» бірлескен кәсіпорнын одан әрі өркендету туралы келісімге, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Уран байыту оралығы» АҚ арасындағы УБО жобасы аясында қазақстандық тараптың жылына 2,5 млн БЖБ (бөлу жұмысының бірлігі 1 кг уранды белгілі деңгейге дейін байытуға жұмсалатын электр энергиясының шығынын сипаттайды) мөлшерінде уран байыту қызметін көрсету опционын іске асыру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.