| (AIX)    USD 38.75   %   -0.77 KZT 18520   %   -1.54

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады

12 қараша 2015
«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады

12 қараша 2015 ж.  

Қызылорда облысы 

 

БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктеріне ұлттық атом компаниясының есебінен салынған 14 әлеуметтік нысанды табыстады. Жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар иелігіне медициналық кешен, кеңсе ғимараттарынан құралған 5 әлеуметтік нысан өткізіледі.

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев бейінді емес активтер мен нысандарды шығару жұмысы Елбасының тапсырмасымен, компанияның қызмет тиімділігін арттырып, экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқанын басып айтты.

Уранөндіруші елді-мекендерде тұратын жергілікті халық үшін маңызды әлеуметтік нысандарды табыстау 2015-2016 жылдары оңтүстік аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша компания және әкімдіктер арасында қол-қойылған әріптестік жөніндегі Меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы әкімдігінің иелігіне 6 әлеуметтік маңызды нысан берілді, соның ішінде 280 орынды бала-бақша, мәдениет сарайы, спорттық-сауықтыру кешені және қонақүй.

«Қазатомөнеркәсіп» әр-түрлі жылдары салған барлық нысандарды біз әкімдіктерге тегін тапсырамыз. Оның үстіне, біз 2015-2016 жылдары ғимараттарды баптап ұстау шығындарын да өз мойнымызға алдық»,- деп мәлімдеді Асқар Жұмағалиев әлеуметтік нысандарды тапсыру салтанатты рәсімінде.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, өз кезегінде, компания ұжымына облыстың әлеуметтік дамуына қосқан орасан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын үлттық компания Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің иелігіне де 8 әлеуметтік маңызды нысан табыстаған болатын.

Сонымен қатар, 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандар құрылысын 800 млн. теңгеге қаржыландырып, Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытуға 800 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді.  2016 жылы Ұлттық атом компаниясы уранөндуруші аймақтарды көркейтуге 1,6 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру