| (AIX)    USD 40.78   %0      KZT 18260   %0     

Қазатомөнеркәсіп ШҚО-дағы демалыс базасын сатуға шығарды

15 тамыз 2016
Қазатомөнеркәсіп ШҚО-дағы демалыс базасын сатуға шығарды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін сатуға шығарды.  

«Үлбі демалыс базасы» ЖШС қарамағына Өскемен қаласынан 75 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысындағы «Төрт-қара» көлінің жағалауында орналасқан «Сибины» демалыс базасы жатады. Кәсіпорын демалыс ұйымдастыру, мәдени-сауықтыру шараларын өткізумен шұғылданады.  

Аталған нысанды баға көтеру әдісі бойынша сауда-саттық үстіміздегі жылдың 16-тамыз күні Мемлекеттік мүлік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталында, Астана уақыты бойынша сағат 12:00 басталады. «Үлбі демалыс базасы» кәсіпорынының бастапқы құны 345 509 000 теңге.

Сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу Реттемесіне сәйкес жүргізіледі.

Жалпы есептегенде, үстіміздегі жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз құрамынан 18 бейінді емес еншілес және тәуелді кәсіпорынды шығаруды көздеп отыр, оның 8-і ашық аукцион тәсілімен саудаға шығарылады. 2017 жыл соңына дейін компания еншілес кәсіпорындар тізімін 41 бірлікке дейін қысқартпақ ниетте.

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату бейінді емес активтерден арылу арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономикалық қосымша құнын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, компания өз қызметін тек атом энергетикасы саласына бағыттамақ ниетте.  

Пікір қалдыру