| (AIX)    USD 41.18   %   -0.05 KZT 18250   %   -0.33

Қазатомөнеркәсіп ESG қағидаттарына адалдығын көрсетеді

16 маусым 2023
Қазатомөнеркәсіп ESG қағидаттарына адалдығын көрсетеді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді. Биыл да холдингтің барлық кәсіпорындарында түрлі экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілді.

Қоршаған ортаны қорғау Қазатомөнеркәсіп қызметінің және тұрақты дамуды басқару тәсілдемесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Компания қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне және өмір сүру сапасына әсер етудегі өзінің жауапкершілігін ұмытпайды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік қызмет орындарында табиғи ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық әсерді барынша азайту жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Қазатомөнеркәсіп 26 кен орнында (учаскелерінде) жер асты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уран өндіруді жүзеге асырады. Бұл әдіс қоршаған ортаға минималды әсер етеді, қалдық қоймаларын қалдырмайды, өндірудің төмен құнын және өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. Уран өндіру аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Міндеттемелердің бірі – кен орындарын игергеннен кейін жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру. Мысалы, Түркістан облысындағы «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС Уанас кен орнындағы қордың ЖҰШ әдісімен толық игерілуіне байланысты бұрын тоқтатылған кен орнында табиғи уран өндіру аяқталғаннан кейін оңалту және қалпына келтіру іс-шараларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2023 жылы кен орнының қорларын толық игеруге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органнан алынған хабарламаға сәйкес Уанас кен орнының Шығыс, Орталық және Батыс учаскелерінде пайдаланылған блоктарды жою және рекультивациялау жобасы әзірленді, ол қажетті сараптамалардан, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтті. Осы жобаны іске асыру шеңберінде үстіміздегі жылдың 29 мамырынан бастап кен орнының пайдаланылған блоктарын жою жұмыстары жүргізілуде.

2023-2024 жылдар аралығында кәсіпорын жұмыс көкжиегін оқшаулаумен ұңғымаларды жою, кеніш құрылыстарын бөлшектеу, жасыл желектерді отырғызу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың соңғы кезеңі болып табылатын кен орнын толық қалпына келтіру 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Жер учаскесі қалпына келтірілген соң жер мемлекетке қайтарылады. Жою жұмыстары аяқталғаннан кейін 20 жыл бойы аумақтың жай-күйіне мониторинг жүргізілетін болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Сабина Кумурбекова,   PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек,  PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Пікір қалдыру