«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2023 жылғы 28 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Компания басқармасы құрамындағы мынадай өзгерістерді мақұлдағанын хабарлайды.
Басқарма төрағасы
Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен «KAZAKH INVEST» басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Юсупов мырза Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысы болып тағайындалды.
«Компанияның Директорлар кеңесінің атынан мен Мұқанов мырзаға геосаяси белгісіздік кезеңінде оның тиімді жұмысы мен Компанияны басқарғаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. – Ержан Мұқановтың басшылығымен Қазатомөнеркәсіп өндірістің жоғары тиімділігін көрсетуді жалғастырды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын кеңейту оның басшылығымен орындалған маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Директорлар кеңесі Мұқанов мырзаға Компанияның ұзақ мерзімді құндылық жасауға бағытталған стратегиясына көрсеткен адалдығы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта барлық жақсылықты тілейді.
Уран нарығы бұрын-соңды болмаған дамуды көрсетуде: уран бағасы соңғы он екі жылдағы абсолютті жоғары деңгейге жетті. Уран саласында мол тәжірибесі бар Юсупов мырза, біздің ойымызша, уран нарығындағы жаңа өсу дәуірінде Компанияны басқаруға тамаша үміткер. Біз Юсупов мырзаның Компанияны IPO-ға шығару кезінде көрсеткен үлкен тәжірибесі мен жоғары тиімділігі, сондай-ақ оның Компанияның қоғамдық мәртебесін нығайтуға және оған деген сенімін арттыруға қосқан баға жетпес үлесі Компанияның қазіргі топ-менеджмент тобына күшті қосымша болады, сондай-ақ Компанияның өзі мен оның стейкхолдерлері үшін құндылық әкеледі деп санаймыз. Директорлар кеңесі Юсупов мырзаның стратегиялық көзқарасы, оның уран саласындағы мол тәжірибесі мен беделі, нарықтағы коммерциялық көзқарасымен қатар, Компанияның әлемдегі ең ірі уран өндірушісі және қоғамдық компания ретіндегі көшбасшылық позициясын нығайтуға бағытталады деп санайды. Барлық стейкхолдерлер үшін құндылықты барынша арттыруды қамтамасыз ету мақсатында біз Компанияның жаңа басшылығы инвестициялық қоғамдастықтың қажеттіліктеріне уақтылы жауап бере отырып және Компанияның барлық акционерлері, клиенттері, серіктестері мен қызметкерлері үшін ұзақ мерзімді құндылық құруды қамтамасыз ете отырып, өскелең уран нарығы жағдайында операциялық тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыруға назар аударады деп санаймыз».
«Уран саласы үшін осындай маңызды кезеңдерде Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді Мұқанов мырза. – Мен Қазатомөнеркәсіп компаниялар тобының құрылымында өткізген он жеті жыл ішінде көптеген маңызды міндеттер мен жобалар орындалды Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметкерлері мен басқарушы командасына адал жұмысы үшін, Қорға және Директорлар кеңесіне тұрақты қолдауы үшін зор алғысымды білдіремін».
«Қазатомөнеркәсіпке жаңа рөлде оралу мен үшін үлкен құрмет және мәртебе, мен Директорлар кеңесі мен Компанияның мажоритарлық акционеріне Қазатомөнеркәсіпті басқаруға берілген сенім мен мүмкіндік үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Юсупов мырза. – Менің мансаптық жолымның көп бөлігі Қазатомөнеркәсіппен байланысты, мен уран нарығының күшті іргелі факторларына сенімдімін. Мен уран саласында болып жатқан тарихи оқиғалар кезеңінде Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы қызметіне кіріскеніме қуаныштымын және Компанияның еңбекті қорғау, денсаулық және экология, корпоративтік басқару, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелеріне басымдық бере отырып, оның барлық стейкхолдерлері үшін ұзақ мерзімді құндылық құруға деген міндеттемесін сақтап қалуға ниеттімін».
Мейіржан Юсупов «Экономика және басқару» мамандығы бойынша Таяу Шығыс техникалық университетінің, экономикалық дамуды басқару саласындағы ғылым магистрі дәрежесі бар Лондон экономика мектебінің және Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар Гарвард университетінің түлегі. Юсупов мырза 2010 жылы корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры ретінде Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін әртүрлі лауазымдарда болды. 2015-2020 жылдары Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен Компанияның шығындарын оңтайландыру, трансформациялау және цифрландыру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылды. Юсупов мырза сонымен қатар Компанияны IPO-ға дайындау және шығару кезеңінде шешуші рөл атқарды. Ағымдағы тағайындауға дейін Юсупов мырза «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.
Басқарма құрамындағы өзгерістер
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаев мырзаның 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына кіруін мақұлдады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына мыналар кіреді:
* Мейіржан Юсупов, басқарма төрағасы (2023 жылғы 2 қазаннан бастап);
* Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;
* Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;
* Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
* Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;
* Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
* Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.
Басқарма мүшелерінің толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz
АКЖЖ шақыру туралы хабарлама
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания», немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, осымен «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының (бұдан әрі – «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-48, 50-52-баптарына сәйкес өз акционерлеріне бетпе-бет нысанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «Жиналыс») өтетіні туралы хабарлайды.
Жиналыс 2023 жылғы 1 қарашада жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+6) Қазақстан Республикасы, Z05Т1Х3, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, 3-қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Акционерлерді тіркеу 2023 жылғы 1 қарашада жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 00 минуттан 10 сағат 20 минутқа дейін (GMT+6) Жиналыс өтетін жерде өтеді.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізілімі 2023 жылғы 2 қазанда жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутта (GMT+6) құрылады.
Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 2 қарашада жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+6) бастапқы Жиналыс өтпеген жерде сол күн тәртібімен ашылады. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 00 минут (GMT+6). Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 20 минут (GMT+6).
Алдағы Жиналыс туралы хабарлама «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға және Компания Жарғысына сәйкес Компанияның интернет-ресурсында және БАҚ-та да қолжетімді болады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Төрағасы мен хатшысын сайлау туралы.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нысанын айқындау туралы.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
- Нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мәміле (мәмілелер) туралы шешім қабылданған күні құны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан астамын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) ірі мәміле (мәмілелер) жасасу туралы, нәтижесінде оның активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан астамы сатып алынады немесе иеліктен шығарылады (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін), оның ішінде «State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited» компаниясымен табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату ұзақ мерзімді өзге де мәмілелерді жасасуы туралы.
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
Ірі мәміле жасау туралы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited» (бұдан әрі – SNURDC) компаниясы арасында Қазатомөнеркәсіптің Snurdc компаниясының атына нарықтық жағдайларда U3O8 нысанында табиғи уран концентраттарын сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мәселе жиналыстың қарауына шығарылады, өйткені мәміленің құны SNURDC-пен бұрын жасалған мәмілелермен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгіленгендей Компания активтерінің баланстық құнының (компанияның жекелеген қаржылық есептілігі негізінде есептелген) жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайды.
Ірі мәміле жасасу мәселесі бойынша жиналысты шақырудың бастамашысы Компанияның Директорлар кеңесі болып табылады (2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 11/23 хаттама).
Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Ержан Жанабілұлы Мұқановтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігінің тоқтатылуына және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы болып Мейіржан Бахытұлы Юсуповтың тағайындалуына байланысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен (№11/23 хаттама) акционерлердің жалпы жиналысының қарауына мерзімінен бұрын Е. Ж. Мұқановтың 2023 жылғы 2 қазаннан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтату және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге М. Б. Юсуповты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде сайлау туралы.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) мүдделерін білдіретін Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Ернар Бейсенұлы Жанәділ мырза ағымдағы жылдың тамыз айының басында «Qazaq Green Power PLC» компаниясының Бас директоры лауазымына тағайындауға байланысты, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясының ірі акционерінің бастамасымен жиналыстың қарауына Компанияның Директорлар кеңесі мүшесі – Қордың мүдделерінің өкілі Ернар Бейсенұлы Жанәділдің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Компанияның Директорлар Кеңесінің ағымдағы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге Қордың мүдделерінің жаңа өкілі ретінде Айдар Қайратұлы Рысқұловты Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы мәселе шығарылады. Рысқұлов мырза қазіргі уақытта Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры және Қордың Басқарма мүшесі болып табылады.
Сондай-ақ, осы Комитет пен Компанияның Директорлар Кеңесінің құрамынан Жанәділ мырзаны алып тастауға байланысты, тиісінше, осы мәселе бойынша жиналыс оң шешім қабылдаған жағдайда Компанияның Директорлар кеңесі Рысқұлов мырзаны Компанияның Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің құрамына қосу туралы шешім қабылдады.
Компанияның Директорлар Кеңесі құрамы мәселесі бойынша жиналысты шақырудың бастамашысы компанияның 194 517 456 жай акцияларына иелік ететін «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционері болып табылады («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 42/23 және 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 46/23 шешімдері).
«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 43-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жиналыстың күн тәртібіне компанияның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын өз бетінше немесе басқа акционерлермен бірлесіп иеленетін акционерлер немесе компания акционерлеріне мұндай толықтырулар туралы жиналыс өткізілетін күнге дейін 15 күннен кешіктірмей хабарланған жағдайда Директорлар Кеңесі ұсынған толықтырулар енгізілуі мүмкін.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционердің сұрауы бойынша Компанияның нақты орналасқан жері бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей танысуға дайын және қолжетімді болуға тиіс.
Акционердің сұрау салуы бойынша жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, құжаттардың көшірмелерін дайындауға және құжаттарды жеткізуге арналған шығыстарды акционер көтереді. Компания акционерлерінен сауалдар компанияның нақты орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Дауыс беруді өткізу тәртібі
Жиналысқа қатысатын акционерлер немесе олардың өкілдері (бірлесіп «акционерлер») жиналыс басталғанға дейін тіркеуден өтуі керек. Акционерлер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы керек. Акционерлердің өкілдері жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өздерінің өкілеттіктерін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан әрекет ету немесе оның мүдделерін сенімхатсыз білдіру құқығын растайтын құжатты ұсынуы қажет.
Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар депозитарлық Банктің (Citibank N. A.) қызметтерін депозитарий ретінде пайдалана отырып, Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында өз дауыс беру құқығын іске асыра алады. Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында депозитарлық Банк (Citibank N. A.) арқылы «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да бенефициарлық иелеріне қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру және басқа ақпаратты ұсынған жағдайда депозитке салынған акцияларға қатысты бенефициарлық иелердің атынан дауыс беруге құқылы.
Тіркеуден өтпеген Акционер кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Жиналыс кворум болған жағдайда мәлімделген уақытта ашылады.
Жиналыста жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады және дауыс беру нысаны анықталады – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша).
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес Жиналыстың күн тәртібі бойынша дауыс беру Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және жиналыста дауыс беруге құқығы бар әрбір адамға жиналысты өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыс беру кезінде жиынтық дауыс беруді қоспағанда, «бір акция-бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Төрағаның күн тәртібі мәселесін талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөз сөйлеу жиналыс регламентінің бұзылуына әкеп соқтыратын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, кедергі жасауға құқығы жоқ.
Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жарияланады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес жиналыстың хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады және қол қойылады.
Қосымша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұратулары бойынша
Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры
Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 (7172) 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz қолжетімді.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% – ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар мәлімдемелер қолданылуы мүмкін.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.