| (AIX)    KZT 18195   %   -0.71 USD 39.87   %   1.14

Қазатомөнеркәсіп «World Nuclear Fuel Market» конференциясына қатысты

15 маусым 2021
Қазатомөнеркәсіп «World Nuclear Fuel Market» конференциясына қатысты

Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев 2021 жылғы 8-9 маусымда онлайн-форматта өткен «World Nuclear Fuel Market» халықаралық конференциясының 47-ші жыл сайынғы отырысының панельдік сессиясына қатысуға шақырылды.

Конференцияда нарықтағы сұраныс пен ұсыныс динамикасының жақсаруымен және атом энергетикасының жаһандық электр энергетикасы нарығын декарбонизациялаудағы рөлінің өсіп келе жатқан мойындалуымен нығайтылған атом саласындағы соңғы айтарлықтай оптимистік үрдістер атап өтілді.

«Global Fuel Solutions» компаниясының директоры Кларк Бейердің төрағалығымен өткен WNFM-дің қорытынды сессиясында Қазатомөнеркәсіптің коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев, «Uranium Energy Corp» компаниясының атқарушы вице-президенті  Скотт Мелби, «Exelon Generation» аға жетекшісі Джим Невлинг, TENAM президенті Флетчер Ньютон және «Orano Chemistry Enrichment» Бас директоры Жак Пейтьенің қатысуымен панельдік пікірсайыс болды. Панельдік сессия барысында уран өнімдерін жеткізуді әртараптандыру, нарыққа қатысушылардың әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі, сондай-ақ индустрияны одан әрі дамыту мен оның перспективалық мәселелері талқыланды.

Пікір қалдыру