| (AIX)    USD 41.18   %0      KZT 18250   %0     

Қазатомөнеркәсіп басшысы Сенат депутаттарының көшпелі отырысында сенаторлармен атом саласын одан әрі дамытуды талқылады

9 маусым 2023
Қазатомөнеркәсіп басшысы Сенат депутаттарының көшпелі отырысында сенаторлармен атом саласын одан әрі дамытуды талқылады

9 маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті депутаттарының көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.

Отырыстың тақырыбы атом саласының өзекті мәселелерін талқылау және ұлттық атом компаниясының қызметін одан әрі жетілдіру болды.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов депутаттарға атом холдингінің ағымдағы қызметі мен даму жоспарлары туралы айтып берді. Парламентшілер атом өнеркәсібінің соңғы жетістіктерін көрсететін көрме экспозициясымен танысты. Ядролық отын циклінің негізгі кезеңдері – уран өндіруден бастап жылу бөлетін құрамаларды дайындауға дейін таныстырылды.

Сенат комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев Қазатомөнеркәсіп 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі уран өндіретін ең ірі өндіруші болып қала беретінін, оның үлесіне уран өндірудің әлемдік көлемінің шамамен 22% - ы тиесілі екенін атап өтті.

«Қазақстанның атом өнеркәсібін одан әрі дамытуда «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жұмысының тиімділігін арттыру айқындаушы болып табылады. Ол үшін геологиялық барлау, уранды өндіру және қайта өңдеудің жаңа әдістерді енгізу және қолданыстағы тәсілдерді оңтайландыру, өнімді қайта бөлу деңгейін арттыру, шикізат базасын толықтыру, уранды жеткізудегі көлік бағыттарын әртараптандыру және жоғары білікті кадр даярлау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет», - деп атап өтті сенатор.

Ержан Мұқанов жоғарғы палата өкілдерін компанияның 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлық жоспарланған өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы туралы хабардар етті. Атом холдингінің барлық кәсіпорындары уранды жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен өндіреді, ол әлемде ең прогрессивті, экологиялық қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді деп танылған.

«Біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығы және өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту әрқашан Қазатомөнеркәсіптің басты басымдықтары болған және болып қала береді. Біз табиғатты қорғау іс-шараларына және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бағдарламаларын іске асыруға қомақты қаражат саламыз. Атом холдингі сондай-ақ өзінің қатысатын өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ олардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударады. Компания жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады», - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

Сөз соңында сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның барысында атом холдингінің басшылары депутаттарға толық ақпарат берді.

Кездесуді қорытындылай келе, депутат Сүйіндік Алдашев Сенат Комитеті Қазатомөнеркәсіп пен Қазақстанның жалпы атом саласы қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірлескен жұмыс пен ұсыныстар үшін ашық екенін атап өтті.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің Директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұратулары бойынша

Сабина Кумурбекова,   PR департаментінің Директоры

Ғажайып Күмісбек,  PR департаментінің Бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

 

Пікір қалдыру