Қазатомөнеркәсіп Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді

5 маусым 2022
Қазатомөнеркәсіп Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтеді

5 маусымда әлем жұртшылығының назарын экологиялық проблемаларға аударатын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Халықаралық энергетикалық агенттік 2040 жылға қарай электр энергиясына жаһандық сұраныс 50%-ға өсуі мүмкін деп болжайды. Бұл сұраныстың орындалуы және көміртегі шығарындылары мен оның қоршаған ортаға әсері төмендеуі өте маңызды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары өндіретін уран төмен көміртекті базалық электр энергиясы үшін сенімді қуат көзі болып табылады және жаһандық энергетикалық инфрақұрылымды көміртексіздендіруде шешуші рөл атқарады. Алдағы онжылдықта атом энергиясын өндіру үшін уранға деген қажеттілік артады деп күтілуде. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың 2021 жылғы ядролық отын туралы есебінде уранға сұраныс 2030 жылға қарай 27%-ға және 2040 жылға қарай тағы 38%-ға өседі деп болжануда.

Уран жеткізудің жаһандық тізбегінің бел ортасында тұрған Қазатомөнеркәсіп клиент-елдерді атом энергиясын өндіретін төмен көміртекті отынмен қамтамасыз ету үшін оңтайлы мүмкіндіктерге ие. Қазіргі уақытта әлемдік уранның төрттен бір бөлігі Қазатомөнеркәсіптің 14 кәсіпорнында өндіріледі.

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту жаһандық энергия өндірісі нәтижесінде көміртегі шығарындыларын азайтуға қосқан үлес сияқты маңызды. Өткен жылдың өзінде Компания табиғат қорғау шараларына 964,6 млн теңге бөлді, олар өңірлердегі қоршаған ортаны жақсартуға бағытталды.

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында уран өндіру жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүзеге асырылады. Шахталық және карьерлік әдістерге қарағанда, ЖҰШ әдісімен уран кен орындарын игеру жер бетіне мейлінше аз әсер етеді: шөгу және топырақтың бұзылуы, баланстан тыс кендер мен бос жыныстардың үйінділері болмайды. Бұдан басқа, ЖҰШ қоршаған ортаны ластамайды, қалдықтар мен қалдық қоймаларын қалдырмайды, өндірудің неғұрлым төмен құнын және өндіріс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында неғұрлым жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

Қазатомөнеркәсіп өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан әрі төмендету мақсатында баламалы энергетика бойынша шешімдер қабылдап, көптеген кәсіпорындарында жаңартылатын энергия көздерін енгізеді. Бұған бірқатар нысандарда күн энергиясын қамтамасыз ету үшін фотоэлектрлік элементтерді пайдалану және барлау мен кенді игеру үшін электр қондырғыларын ерекше пайдалану кіреді. 2021 жылы атом холдингінің кәсіпорындарындағы фотоэлектр станциялары 3,34 МВт*сағ энергия өндірді.

Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы № 13 мақсатын қолдайды және климаттың өзгеруі мен оның салдарымен күресу бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақыратын Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Компания өз нысандарындағы парниктік газдар шығарындыларын (Scope 1) және 2021 жылдан бастап парниктік газдардың жанама шығарындыларын (Scope 2) үнемі қадағалап отырады.

Парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында Қазатомөнеркәсіп көміртексіздендіру және төмен көміртекті даму жөніндегі корпоративтік стратегияны әзірлейді.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов:

«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – бұл бәріміздің энергия ресурстарын жаһандық көміртексіздендіруде атқаратын рөліміз туралы кезекті ескерту. Қазатомөнеркәсіптің жоғары сапалы ураны өнім тұтынушы елдерге қоршаған ортаға әсерін төмендетуге көмектеседі және біз таяудағы онжылдықта өзіміздің төмен көміртекті отынымызға деген өскелең әлемдік сұранысты қанағаттандыруға дайынбыз. Біз қоршаған ортаны қорғау үшін, оның ішінде төмен көміртекті энергияға көшу үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін түсінеміз, сондай-ақ кәсіпорындарымыздың уран өндіруі аяқталғанға дейін және одан кейін де қалдықтарды барынша азайту және энергия тиімділігін барынша арттыру үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізуді жалғастыра береміз».

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

 

Қазатомөнеркәсіптегі ESG

2021 жылы Компанияның мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ компанияға корпоративтік басқару рейтингін беру мақсатында корпоративтік басқару диагностикасын жүргізу үшін тәуелсіз консультантты тартты. Диагностика қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін көрсетіп, Компанияға «А» корпоративтік басқару рейтингі берілді (2020 жылы «BBB» болған еді).

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру