Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырып Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның көңілді тапқырлар клубының кубогы» бәйгеге тігілді. Дәстүрлі әзіл-оспақ фестиваліне холдниг кәсіпорындарының 8 құрама командасы қатысты: Компанияның орталық аппараты, «ҮМЗ» АҚ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС және «СКК» ЖШС.
Биылғы жылы көңілді тапқырлар сайысының тақырыбы бірінші кезеңі сәтті аяқталған Қазатомөнеркәсіптің трансформация бағдарламасына арналған.
«Трансформация операциясында» қалыптасқан формат бойынша, 2 байқау өткізілді. Бірінші, команданы таныстыру кезеңіне қатысушылар бейне-ролик көрсетіп, актерлік шеберлігі мен ұшқыр ойлы әзілдерін жайып салды. Екінші байқау ән мен би, тартымдылық пен харизма сайысына айналды. Командалар әріптестеріне ғана емес, компания басшыларына қатысты ұтымды әзіл-қалжыңдар айтудан тайсалмады. Ол қылықтары үшін сөгіс орнына көрермен қошеметіне бөленіп, жиналғандардың көңілін көтерді.
Қазылар алқасы ең мықты әзілқойларды анықтап марапаттады. Сараптау кезінде қойылымның ерекшелігі, сайыскерлердің шығармашылық дарыны ескерілді. Басты сыйлық – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның көңілді тапқырлар клубының ауыспалы кубогын қалжыңдау мәнері ерекше «Қаратау» ЖШС командасы жеңіп алды. Олар бірінші орынды компанияның орталық аппарат құрамасымен бөлісті. Екінші және үшінші орынды «СКК» ЖШС мен «Семізбай-U» ЖШС командалары өзара бөлісті. Сондай-ақ, ұлттық атом компаниясының басшылығы атынан барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
Фоторепортаж: http://www.kazatomprom.kz/ru/photo