| (AIX)    USD 40   %0      KZT 21295   %0     

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның операциялық қызметінің нәтижелері – 4-тоқсан, 2018 жыл

1 ақпан 2019
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның операциялық қызметінің нәтижелері – 4-тоқсан, 2018 жыл

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (әрі қарай – Қазатомөнеркәсіп, ҚАӨ немесе Компания) 4-ші тоқсандағы және 2018 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі келесі операциялық нәтижелерін хабарлайды.  Бұл жарияланым – уран өнеркәсібі саласындағы соңғы оқиғалардың жиынтығы, сонымен қатар Компанияның  2018 жылдағы операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпарат және 2019 жылға арналған болжалдар. Операциялық қызмет нәтижелері жайлы бұл ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін. Ол 2019 жылғы  6 наурызда жарияланады деп күтілетін 2018 жыл қорытындылары бойынша Қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері талдауында көрсетілетін түпкілікті аудиттелген мәндерден айрықшалануы мүмкін.

Нарыққа шолу

Уран нарығындағы ұзаққа созылған артық ұсыным кезеңінен кейін, 2018 жылда баланста жеткілікті қамтамасыз етпеу жағына қарай қозғалыс орын алды, бұл ретте споттық нарықта шамалы тапшылық байқалды. Оң өзгерістерде аса ірі әлемдік уран өндірушілер өндірісінің елеулі қысқаруының ролі айқын, сонымен қатар жыл бойы физикалық уранға қаржылық мекемелер тарапынан қызығушылықтың пайда болуымен де ішінара түсіндіріледі. Қазақстанда Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарға сәйкес жоспарланған деңгейлермен салыстырғанда өндіру деңгейі 20%-ға қысқартылды. Канадада Cameco корпорациясының өзінің McArthurRiver/KeyLake уран кенішіндегі өндіруді белгісіз мерзімге тоқтату туралы шешімі әлемдегі ең ірі уран кен орындарының бірін уран шикізатының қысқа мерзімдік көзі қатарынан шығарды.

Ұсыныстар тарапынан орын алған жақсарулар сұраныс тарапынан әр түрлі өзгерістермен қарсы алынды.

АҚШ-тың Сауданы кеңеуту туралы Заңының (1962 жылғы) 232-тарауына сәйкес, АҚШ Сауда министрлігі (DOC) жүргізген тексеруге байланысты уран импортына квоталар мен тарифтердің енгізілуі мүмкіндігіне орай таяудағы перспективада сақталып отырған белгісіздік, нарықта ұзақ мерзімді елеулі келісімшарттардың болмауына ықпал етті. Аталған Заңға сәйкес, Сауда министрлігі тексерісті 270 күн ішінде (2019 жылғы сәуірдің ортасына дейін) аяқтап, 90 күн ішінде түпкілікті шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды АҚШ Президентіне беруі тиіс. Алайда, бұл мерзімдерге АҚШ Үкіметінің жұмысты жалғастыруды уақытша тоқтатуының әсері белгісіз болып қалып отыр.

Орта және ұзақ мерзімдік перспективадағы сұраныс тарапынан жаңалықтар анағұрлым балансталған болды. Бір жағынан, Біріккен Араб Әмірліктерінен Nawah Energy компаниясы Барак-1-ге арналған реактор құрылысының жаңартылған кестесін айқындап, ол 2020 жылға дейін (бұрын  2018 жыл белгіленген еді) іске қосылмайтындығын мәлімдеді. Бұдан басқа, Жапониядағы реакторларды қайта іске қосу қарқындары баяу болды, 2018 жылдың аяғына дейін тек тоғыз блок қана қайта іске қосылды (2017 жылдың аяғымен салыстырғанда бесеуге көп). Алайда, сұранысқа анағұрлым позитивті көзқарас тұрғысынан Франция үкіметінің жаңа энергетикалық саясат туралы хабарламасы болды. Онда электр энергиясын өндірудегі ядролық энергетиканың үлесін 50%-ға  дейін қысқарту бойынша алдыңғы жоспарлар 2035 жылға дейін кейінге қалдырылды (алдыңғы мақсат 2025 жыл болатын). Әлемдік саясаттағы позитивті жақсаруларға қосымша, ядролық энеретиканы болдырмау мүмкіндігі туралы жоспарға Тайваньдағы референдум 60% қарсы дауыс нәтижесімен аяқталды, бұл ел ішіндегі ядролық энергетика жайлы қоғамдық пікірді жақсартуға көмектеседі. Ақыр соңында, ядролық энергиядан  кезең-кезеңмен бас тарту бойынша Оңтүстік Корея саясаты өскелең қысымға кез болды, өйткені азаматтық ұйымдар басқаратын ұлттық кампания ядросыз энергия бойынша  үкімет жоспарына қарсы 330 000 қол жинай алды.

Споттық нарық

Бұл 2018 жылғы споттық нарықтағы рекордты жыл болды, 12 ай ішінде шамамен 90 миллион фунт (UxC деректері бойынша) көлемінде келісімшарт жасалды. 2018 жылғы бірінші тоқсанның басында споттық баға U3O8 фунты үшін 23,75 АҚШ долл. құрап, нарықтың уран өнімінің артық ұсынысының қысқаруына бастапқы реакциясын көрсетті. Белгісіздіктің өсуіне қарай сәуірдің ортасында баға біртіндеп 2018 жылғы минимумға - U3O8 фунты үшін 20,10 АҚШ долл. дейін төмендеді.

Қосымша сұраныстың мамырда пайда болуы мен сол деңгейде сақталуы споттық бағаның маусымның аяғына қарай U3O8 фунты үшін 22,55 АҚШ долл. дейін біртіндеп көтерілуіне ықпалын тигізді. Нарықтың бұдан елеулірек жақсаруы шілдеде, споттық нарықта 8 миллион фунттан аса U3O8 сатып алған Yellow Cake plc компаниясының акцияларын бастапқы жария орналастырудан (ІРО) кейін пайда болды. Кейінірек осы айда әлсіз нарықтық жағдай себебімен McArthur River кен орнындағы өндірістің белгісіз кезеңге жабық болып қала беретіндігі жөніндегі Cameco Corporation компаниясының мәлімдемесі споттық бағаны одан әрі өсіруге сеп болды. Споттық баға 29,15 АҚШ долл. максимумына төртінші тоқсанда «Астана» халықаралық биржасында (Astana International Exchange) және Лондон қор биржасында (London Stock Exchange) Қазатомөнеркәсіптің акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды  жария саудалау IPO-сынан кейін жетті.

Жыл аяғында споттық баға U3O8 фунты үшін 28,60 АҚШ долл. дейін төмендеді, өйткені кейбір нарықтық делдалдар түпкілікті сатуларды жыл соңына дейін аяқтауға талпынды.

Ұзақ мерзімді нарық

Ұзақ мерзімді нарықта жыл U3O8 фунты үшін 30,00 АҚШ долл. бағасымен басталды және, шын мәнінде, осы мәннен жоғары және төмен екі доллар диапазон шегінде  2018 жыл бойы қалды. Ұзақ мерзімді бағаның шамалы жоғарылауы және төмендеуі споттық бағаның жыл ішіндегі өзгерісімен корреляцияланды, алайда мерзімдік нарықта келісімшарттардың бұрынғыша жалпы жоқтығы байқалады.

 

31 желтоқсанда аяқталған үш ай

Өзгеріс

31 желтоқсанда аяқталған жыл

Өзгеріс

(мың тонна U3O8 егер басқаша көрсетілмеген болса)

2017

2018

2017

2018

Өндіріс көлемі (100% негізде)2

6,629

5,763

(8)%

23,321

21,705

(7)%

Өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде)3

3,226

2,919

(10)%

12,093

11,476

(5)%

Топ сатуларының көлемі (шоғырландырылған)4,5

3,167

4,954

56%

10,111

16,648

65%

    ҚАӨ сату көлемі  (Топтың сатуларының көлеміне енгізілген)5,6

3,051

4,192

37%

9,300

15,287

64%

ҚАӨ/ТНК мәмілелері бойынша сатулардың орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7*

23,87

27,87

17%

24,15

24,56

2%

Айдың соңындағы споттық бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)8*

22,32

28,27

27%

21,78

24,59

13%

1 – Барлық мәндер алдын ала болып табылады және 2019 жылғы 6 наурызда жарияланады деп күтілетін 2018 жыл қорытындылары бойынша Қаржылық жағдай меня қызмет нәтижелер талдауында көрсетілетін түпкілікті аудиттелген мәндерден айрықшалануы мүмкін
2  – Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорын өнім шығарылуының жиынтығы болып табылады; сондықтан бұл өнімдердің қайсыбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестеріне немесе басқа сыртқы қатысушыларға тиесілі болуы мүмкіндігі фактісін елемейді. Өндірістің нақты дәл көлемдері конвертердегі өнім көлемін ескере отырып, жыл аяғына түзетуге жатады.
3 – Өндіріс көлемі (қатысты үлес негізінде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорын өнім шығарылуының тек осы үлес мөлшеріне ғана сәйкес келетін бөлігін білдіреді; сондықтан ол бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе басқа сыртқы қатысушыларға жататын қалған бөлігін қоспайды. Өндірістің нақты дәл көлемдері конвертердегі өнім көлемін ескере отырып, жыл аяғына түзетуге жатады.
4 – Топ сатуларының көлемі: Қазатомөнеркәсіп пен оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді компанияларының сатулары кіреді (келесілерге ие бола отырып, ҚАӨ бақылайтын компанияларының: (i) олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін тиісті қызметті бақылау өкілеттігі, (ii) оның осы субъектілермен қатысуынан түсетін кірістерді өзгертуге әсері немесе құқықтары және (iii) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осы субъектілерге өзінің өкілеттігін пайдалану қабілеті. Негізгі құқықтардың, елеулі ықтимал дауыс құқығын қоса, бар болуы және әсері басқа заңды тұлғаны ҚАӨ бақылауының бар-жоқтығын бағалаған кезде ескеріледі.
5 – ҚАӨ/ KazakAtomAG (THK) Сауда үйінің сатуларының көлемі: тек ҚАӨ және THK шоғырландырылған сатулары ғана кіреді. ҚАӨ пен ТҰК арасындағы ішкі мәмілелер есепке алынбады.
6 – ҚАӨ/THK өткізуінің орташа бағасы: ҚАӨ және THK шоғырландырылған сатулары үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшемделген бағасы. ҚАӨ және THK  арасындағы ішкі мәмілелер бойынша бағалар есепке алынбады.
7 – Дереккөз: UxС, TradeTech. Ұсынылған баға апта ішінде кесілетін әр споттық бағаның орташа мәні емес, уранның айдың соңында кесілетін споттық бағасының орташа мәні болып табылады. Келісімшарт бағасының шарттары әдетте айдың аяғына жатады.

Килограмды U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 құрайтындығына назар аударыңыздар.

 

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылдағы болжалы

2018 жылы Қазатомөнеркәсіп Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес жоспарланған деңгеймен салыстырғанда жыл сайынғы уран өндіруді 20%-ға төмендетті. 2018 жылы Қазақстандағы өндіріс көлемі 21 705 тонна уранды құрады, ал 20% қысқартусыз, 2018 жылы өндіру көлемі Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес, 27 мың тоннадан асатын еді. Компания қолда бар лицензиялармен белгіленген деңгеймен салыстырғанда, 2019 және 2020 жылдардағы өндіру көлемін 20% төмендетуді толығымен ұстануға ниеттенді.

Өндірудің жоспарланған көлемдерін 2018-2020 жылдар кезеңінде хабарланған 20%-ға төмендету ниетіне сәйкес (Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберіндегі шоғырландырылған жоспарлы өндіру деңгейлерімен салыстырғанда), 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп қатысу үлесі негізінде 13 000 тоннадан бастап 13 500 тоннаға дейін U3O8 өндіруді жобалайды. Жер қойнауын пайдалану бойынша қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес, 2019 жылы өндіру 22 750 - 22 800 т. уранға (100% негізде) жуық күтіледі; қысқартусыз 2019 жылғы өндіріс көлемі 28 500 т. ураннан (100% негізде) асатын еді. 2018 жылы Қазақстандағы жалпы өндірістің 21 705 тонна ураннан 2019 жылы күтілетін 22 750 - 22 800 т. уранға деңгейіне өсуі лицензия берілген кезеңде белгіленген Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында айқындалған көлемнің өсу деңгейіне байланысты. Алайда, бұл өсім 2018-2020 жылдарға арналған жалпы жоспарға сәйкестендіру мақсатымен 20% азайтылды.

Жерасты ұңғымалы  шаймалау  әдісін пайдалана отырып, Компания өндіру көлемін реттей алады және уран нарығындағы өзгерістерге дәстүрлі өндіру әдістерімен салыстырғанда экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тезірек және аз шығынмен жауап қата алады.

Сату перспективалары Қазатомөнеркәсіптің нарыққа бағдарланған стратегиясына сәйкес болып қалады. 2019 жылы Компания 13 500 тоннадан бастап 14 500 тоннаға дейін уран концентратын сатуды жоспарлап отыр. Жоспарланған өнім өндірісінен артық сатулар негізінен ҚАӨ-тің еншілес компанияларынан бірлескен кәсіпорындардың әріптестерімен және басқа сыртқы қатысушыларымен келісімшарттар мен келісімдер бойынша қамтамасыз етілетін болады деп күтіледі.

Компания жыл соңында табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейі өндірістің шамамен алты айлық пропорционалды көлемін құрайтынын күтуде.

Телефон конференциясы

Қазатомөнеркәсіп 2018 жылғы төртінші тоқсан нәтижелері мен жылдық  нәтижелерді талқылау үшін 2019 жылғы 6 наурыз, сәрсенбі, сағат 14:00-де (ALMT) / 08:00 (GMT) телефондық конференция өткізуді жоспарлады. Талқылау барысында инвесторлармен сұрақ-жауап сессиясы жоспарланып отыр. Қоңырау орыс тілінде, сонымен қатар ағылшын тілінде, қоңырау барысында екі тілге бірмезгілде аударумен  өтеді.

Мүдделі тараптарға Қазақстанда +7 495 249 9842, Ұлыбританиядан +44 (0) 20 3003 2701 немесе АҚШ-тан +44 (0) 20 3003 2701 номерлерін теріп, шақыруға қосылу ұсынылады. Конференцияның тікелей трансляциясы сілтеме бойынша www.kazatomprom.kz үй парақшасында қоңырау шалған күні қолжетімді болады.

Жазбасы  телефондық конференция аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

 

Инвесторлармен қарым-қатынасқа байланысты сұрақтар бойынша

Cory Kos, Инвесторлармен жұмыс істеу басқармасынынң басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69
Email: ir@kazatomprom.kz

 

Қоғаммен байланысқа және БАҚ сұранымдарына қатысты сұрақтар бойынша

Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz

 

Бұл хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы

Қазатомөнеркәсіп – жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 2017 жылы 20%-ын құраған табиғи уран өндірумен әлемдегі аса ірі уран өндіруші. Топ саладағы уран қорларының  аса ірі резервтік базасына ие. 

Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорындарға біріктірілген жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен 26 кен орнында өндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы бола отырып, Компания әлемдегі уран өндіру саласының барлық дерлік жетекші ойыншыларымен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Топтың негізгі клиенттері – атомдық өндіруші қуаттардың операторлары, ал Топ өнімдері үшін негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уранды және уран өнімдерін ұзақ мерзімді келісімшарттар, қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сонымен қатар споттық нарықта өзінің штаб-пәтерінен тікелей немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, THK арқылы сатады.

Толығырақ ақпарат –http://www.kazatomprom.kz сайтында.

Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер

Болжамдық келешекке қатысты мәлімдемелерде Компанияның оның қаржылық ахуалына, операциялық қызметтің нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешектегі көрсеткіштері мен бизнесіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдары көрініс тапқан. Мұндай мәлімдемелерде  басқалармен қоса «мақсаттық көрсеткіш», «есептеу», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «алдын ала көру», «бағалау», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болар еді» сияқты сөздер мен сөз тіркестері, сонымен бірге ұқсас мәндегі басқа сөздер мен ұғымдар немесе олардың мәлімдемелердің мәтініне дейін, кейін немесе мәтін ішінде тұруы мүмкін жоққа шығару формалары болуы мүмкін. Болжамдық сипаттағы мәлімдемелер белгілі немесе белгісіз тәуекелдермен, белгісіздікпен және Компаниямен бақыланбайтын және оларың салдарынан Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері мен жетістіктері болжамдық сипаттағы мәлімдемелерде көрсетілгендерден немесе көзделгендерден айрықшалануы мүмкін басқа маңызды факторлармен байланысты. Мұндай болжамдық сипаттағы мәлімдемелер Компания бизнесінің ағымдағы және болашақтағы стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және болашақта ол жұмыс істейтін жағдайларға негізделеді. Ақпараттың және ондағы пікірлердің шынайылығы, дәлдігі, толықтығы және сенімділігі туралы тікелей немесе жанама кепілдіктер мен мәлімдемелер берілмейді, және де экономикалық және бәсекелестік белгісіздікпенб күтпеген жағдайлармен сиппаталып, қандайда бір болжам алдын ала сенімді болжам ретінде қарастыру мүмкінге түспейді және кейбіреулері Компания бақылауынан тыс. Жобалардың жүзеге асатынына кепілдік беріле алмайды, және де кейбір нақты нәтижелер белгіленген нәтижелерден жоғары немесе төмен болуы ықтимал. Компания немесе оның акционерлері, басшылары, қызметкерлері, кеңесшілері, серіктестері немесе жоғарыда аталғандардың уәкілдері осында көрсетілген болжам дәлдігі үін жауапты емес және ол осы критерийлер бойынша қандай да бір мақсаттар үшін қабылдана алмайды. Ақпаратты  тәуелсіз тексеру жүргізілген жоқ және жаңартылмайды. Ақпарат, болжамдық сипаттағы мәлімдемелерді қоса, осы құжат күніне жатады және онда келешектегі нәтижелер туралы ешқандай сендірулер жоқ.
Ақпарат, болжамдық сипаттағы мәлімдемелерді қоса, осы құжат күніне жатады және онда келешектегі нәтижелер туралы ешқандай сендірулер жоқ.
Компания кез-келген қаржылық деректерді немесе болжамдық сипаттағы мәлімдемелерді қоса, кез-келген жаңартуларды немесе өзгерістерді таратуға қатысты кез-келген міндеттемелерді немесе міндеттемелерден бас тартады және болжамдық сипаттағы мәлімдемелерге негіз болған оқиғалар, шарттар немесе жағдайлардың өзгерулерімен, Компанияның күтулеріндегі өзгерістермен, не болмаса осы құжат шығарылған күннен кейін туындаған басқа оқиғалармен немесе жағдайлармен байланысты болуы мүмкін қандай да болмасын  қайта қаралған деректерді көпшілікті шығармайды.

Пікір қалдыру