| (AIX)    USD 40   %   0.88 KZT 18175   %   0.97

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

1 қараша 2019
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 30 қыркүйекте аяқталған 2019 жылдың 3-тоқсанындағы қызметінің келесі операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, сондай-ақ Компанияның 2019 жылғы 3-тоқсандағы операциялық қызметінің негізгі нәтижелеріне және 2019 жылға арналған болжалдарына қатысты алдын ала ақпаратты білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түбегейлі емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

АҚШ Сауда министрлігінің АҚШ-тың Сауданы кеңейту туралы Заңының 232-бөлімі бойынша тексерісімен байланысты белгісіздік 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде уран нарығында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға елеулі ықпал етті. Тексеріс 12 шілдеде, АҚШ президенті уран нарығында сауда шектеулерін қолданбау туралы жария еткенде аяқталды. Бұл шешіммен бірге АҚШ президенті ядролық отынның бастапқы ішкі жеткізулерінен тыс толық талдауды жүзеге асыру мақсатында Ядролық отын жөніндегі жұмыс тобын («Жұмыс тобы») құрды. Ұсыныс беру қазан айының ортасына жоспарланған болатын, алайда АҚШ президенті бастапқы мерзімді отыз күнге ұзартты.

Ресей Федерациясынан уран жеткізуге қатысты демпингіге қарсы тексерісті тоқтата тұру туралы келісімнің (ДТТК) қолдану мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанда бітеді және осы мерзімге жеткен кезде АҚШ Сауда министрлігі демпингке қарсы тексерісті доғаруы тиіс. Алайда, биыл осыдан бұрын АҚШ-тың Сауда министрлігі ДТТК-ны ықтимал ұзартуға қатысты кеңесулерді ресми ашқан болатын. Келіссөздер жабық есіктер жағдайында жүргізілуде, бұл Ресейдің АҚШ нарығына келешектегі қолжетімділікке қатысты қосымша белгісіздікті үстейді.

Жапония атом энергетикасының төңірегіндегі ахуал күрделі болып қалуда; Жапонияның Ядролық реттеу жөніндегі агенттігінен (Nuclear Regulation Authority) қайтадан іске қосуға алдын ала рұқсат алған алты реактордың барлығы биылғы жылы жұмыстарын жаңғыртады. Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған тоғыз реактордың кейбірі лаңкестікке қарсы құрылыстар салуды аяқтау үшін келесі жылы жұмыстарын тоқтата тұрады деп күтілуде.

Қазан айында Қытайдың Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қытайдың Фуцзянь провинциясында Чжанчжоу атом электр станциясын салуға лицензиялар берді. Өздері әзірлеген Hualong One реакторларымен бірінші блоктың құрылысын салу лицензия берілгеннен кейін бір аптадан соң басталды.

Үнді энергетикалық форумының Ядролық конклавында Үндістанның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының төрағасы К.Н. Вьяс 2030 жылға қарай Үндістанның 21 жаңа ядролық реактор салуды жоспарлап отырғанын, олардың жетеуі құрылыс сатысында екенін атап көрсетті.

Соңғы айлар уранға келешектегі сұранысқа қатысты бірнеше оң жаңалық әкелді. Өзбекстан елде салу үшін бұдан бұрын ұсынылған ВВЭР-1200 реакторларына екі реактор қосуға ниетті екендігін мәлімдеді. Францияда 2050 жылға қарай көміртек бойынша бейтарап елге айналу міндеттемелерін орындау мақсатында үкімет Electricite de France-қа әрқайсысында екі EPR реактордан болатын үш жаңа атом электр станциясын салу мәселесін қарауды өтініш етті. АҚШ-та Duke Energy және Tennessee Valley Authority энергетикалық компаниялары Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина және Алабама штаттарындағы өздерінің реакторлары үшін лицензия ұзарту ниеттері туралы жариялады. Испанияда Vandellos II АЭС-ы лицензияны 2030 жылға дейін 10 жылға ұзартуға өтінім берді.

Қазатомөнеркәсіптің жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттар шеңберінде жоспарланған деңгеймен салыстырғанда 2021 жылы өндіруді 20%-ға қысқартуды жалғастыру ниеті туралы жариялауы үшінші тоқсанда ұсыныс нарығындағы негізгі оқиғаға айналды. Қазатомөнеркәсіп өзінің әріптестерімен Қазақстанның барлық уран кеніштерінде әсер етуді бағалау және жоспарды іске асыру үшін жұмыс бастады. Бұл шешімді жүзеге асыру 2021 жылы Қазатомөнеркәсіп өндірісінің көлемдерін 2019 және 2020 жылдардағы сияқты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді, бұл жеткізілімдерді 2021 жылы күтілетін әлемдік өндірудің 5 600 тоннасына  дейінгі көлемде қысқартуға әкеледі.

Бұған қоса, Орталық Азия ұсынысы тарапынан Оrano компаниясы Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитетімен («Мемгеологияком») Өзбекстанда барлау және өндіру бойынша қызметті дамытуды көздейтін Әріптестік туралы келісімге қол қойды. Әріптестер бірлескен кәсіпорын құрады, оның   51%-ы Orano-ға, ал 49 %-ы – Мемгеологиякомға тиесілі болады деп күтілуде. Тараптар Өзбекстанда, атап айтқанда Навои облысында  - уранға бай Қызылқұм провинциясының ортасындағы шөлді мекенде уран өндіру жобалары бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.

Споттық нарық

АҚШ президентінің АҚШ-тың Сауданы кеңейту туралы Заңының 232-бөліміне тексеріс жүргізу бойынша шілдедегі шешімінен кейін орын алған бағаның елеусіз көтерілуінен соң, үшінші тоқсанның көбінде U3O8  футы үшін уранның споттық бағасы 25,00 және 25,50 АҚШ долл. аралығында тұрақтады. Тоқсанның аяғында сатып алу белсенділігінің артуы бағаның сәл көтерілуіне түрткі болды, алайда төртінші тоқсанның басында баға 25.00 АҚШ доллары деңгейіне қайтып оралды.

Сыртқы көздердің деректері негізінде, 2019 жылдың тоғыз айында спот транзакцияларының көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен шамамен 40% - ға аз болды. Споттық сауданың жалпы көлемі 2018 жылдың тоғыз айында U3O8 фунты үшін 23,31 АҚШ доллары орташа сату бағасымен 69 миллион фунт u3o8 салыстырғанда U3O8 фунты үшін 26,07 АҚШ доллары деңгейінде орташа апталық споттық бағасымен 43 миллион фунт U3O8 құрады.

 

Ұзақ мерзімді нарық

Энергия компаниялары АҚШ-тың ядролық отын жөніндегі жұмыс тобының әлеуетті талдау қорытындыларын қоса алғанда, ағымдағы жағдайдағы белгісіздікті бағалай отырып, аздаған қысымды бастан кешуін жалғастыруда. 2019 жылдың тоғыз айы ішінде ұзақ мерзімді нарықта келісімшарттар көлемі 68 миллион фунт U3O8 құрады (2018 жылдың осындай кезеңі ішіндегі 58 миллион фунт U3O8-бен салыстырғанда). Үшінші тоқсанның аяғында ұзақ мерзімді нарықта пікірталастар мен белсенділіктің өсуіне қарамастан, ұзақ мерзімді бағаға ықпал елеусіз болып шықты.

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айлық операциялық қызметінің нәтижелері 1

 

30 қыркүйте аяқталған үш ай

Өзгеріс

30 қыркүйте аяқталған тоғыз ай

Өзгеріс

(мың тонна U3O8 егер басқаша көрсетілмеген болса)

2018

2019

2018

2019

Өндіріс көлемі  (100% негізде)2

5,040

6,082

21%

15,945

16,882

6%

Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) 3

2,782

3,617

30%

8,553

9,844

15%

Топтың сату көлемі4

6,253

2,577

(59)%

11,883

8,002

(32)%

    ҚАӨ сату көлемі  (Топтың өткізу көлеміне енгізілген)5

6,066

2,308

(62)%

11,234

6,917

(38)%

ҚАӨ мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)6*

21,11

27,78

32%

22,93

27,59

20%

Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл./фунт U3O8)7*

26,53

25,45

(4)%

23,36

25,83

11%

1 Барлық мәндер алдын ала мәндер болып табылады.
2 - Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді және өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының (ҚАӨ: (і) олардың табыстылығына елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ІІ) осындай субъектілермен оның қатысуынан түскен кірістердің өзгеруіне әсері немесе құқығы және (ІІІ) Топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілермен өз өкілеттіктерін пайдалану қабілеті болуы арқылы бақылайтын компаниялардың) сатуын қамтиды. Маңызды әлеуетті дауыс құқығын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы және әсері ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаны бақылауын бағалау кезінде ескеріледі.
5 KAӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген): ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 ҚAӨ өткізуінің орташа бағасы: KAӨ және TҰK шоғырландырылған сату үшін уран концентратының бір фунтына арналған орташа өлшенген баға. KAӨ және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 Дереккөз: UxС, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін емес, уранға айдың соңындағы споттық баға белгіленімдерінің орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарттық баға талаптары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.

*кг-ні U3O8 фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз.

Өндіріс көлемі 100% негізде де, сол сияқты иелену үлесіне пропорционал түрде де үшінші тоқсанда және 2019 жылдың алғашқы тоғыз айы бойы 2018 жылдың осындай кезеңдерімен салыстырғанда жоғарырақ болды. Өндірістің әртүрлі деңгейі мен Топ құрамына кіретін әрбір кәсіпорындағы үлестік қатысудың әртүрлі деңгейі себепті, ұлғаю жер қойнауын пайдалану келсімшарттары бойынша 2019 жылғы анағұрлым жоғары өндіру деңгейімен байланысты болды (бұдан бұрынырақ күтілгендей және ашылып көрсетілгендей).

Топтың және ҚАӨ-нің үшінші тоқсандағы және 2019 жылдың алғашқы тоғыз айының ішіндегі сатуларының көлемдері, негізінен нарықтағы келісімшарттық белсенділік деңгейінің төмендігі себепті, сонымен қатар төртінші тоқсанға арналған жеткізілімдердің мерзімдерін кейіндету туралы клиенттердің  сұрауларына сәйкес жеткізілімдер кестесіндегі өзгерістердің салдарынан, 2018 жылғы осындай кезеңдермен салыстырғанда төменірек болды. Клиенттердің сұраныстарына және физикалық жеткізілім мерзімдеріне байланысты, әрбір тоқсандағы сату көлемдерінің елеулі түрде айырмашылығы бар болуы, ал сатудың тоқсандық көлемдері жылдан жылға өзгеріп отыруы мүмкін.

Анағұрлым жоғары орташа өткізу бағасы 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2019 жылы споттық бағаның өсуімен және уранның ағымдағы споттық бағаларымен Компания келісімшарттары қоржынының өзара тығыз сабақтастығына байланысты болып табылады.

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылға арналған болжалдары

(айырбас бағамы 1 АҚШ доллары үшін 370 теңгені құрады) 2019
U3O8 Өндіріс көлемі (мың т. уран ) (100% негізде) 1 22,750 – 22,800
U3O8 Өндіріс көлемі  (иелену үлесіне барабар) (мың т. уран )2 13,000 – 13,500
Топтың өткізу көлемі, (мың т. уран ) 3 15,000 – 16,000
ҚАӨ сату көлемі (Топтың өткізу көлеміне енгізілген) (мың т. уран )3 13,500 – 14,500
Топтың жалпы шоғырландырылған түсімі млрд .теңге 4 485 – 505
Топтың жалпы шоғырландырылған түсіміне енгізілген U3O8 өткізуден түскен түсім млрд теңге 4 392 – 408
Ақшаның өзіндік құны (USD / фунт*) * $11.00 – $12.00
Ақшаның өзіндік құны + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (USD / фунт*) * $15.00 – $16.00
Күрделі шығындар (100% негізде) млрд. теңге 5

80-90

1 Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өнімін шығарудың жиынтық көлемін білдіреді жәнеді өнім шығарудың осы көлемінің белгілі бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестеріне немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болатынын ескермейді. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
2 Компанияның үлестік қатысу мөлшеріне барабар үлесі бар кәсіпорындардың өнімін шығару көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайды. Өнім шығарудың нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 ҚАӨ және KazakAtomAG Сауда үйінің (TҰK) тек шоғырландырылған сатуын ғана қамтиды. KAP және TҰK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
4 Күтілетін түсім сыртқы көздерден алынған уран бағасына негізделген. U3О8 бір фунты үшін 26 АҚШ доллары бағасын көрсете отырып, 2018 жылғы 3-тоқсанда жариялаған спот бағасының болжамы 2019 ж. бюджетін жасау кезінде пайдаланылды. Осылайша, түсімге уранның нақты бағасы осы жорамалдың қалай түрленуіне қарай әсер етуі мүмкін.
5 Жиынтық күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының инвестициялық шығындарын ғана қамтиды.
* кг-ні U3O8фунтына қайта есептеу коэффициенті 2,5998 болатынына назар аударыңыз. U3O8 is 2.5998.

2019 жылғы болжалдар бұдан бұрын айтылған деректермен салыстырғанда өзгерген жоқ.

2018 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғандағы кезеңде жоспарланған өндіру көлемдерін 20%-ға (Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде өндірудің шоғырландырылған жоспарланған деңгейлерімен салыстырғанда) қысқарту туралы мәлімделген ниетті ескерумен, 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп өндірісінің деңгейі бұдан бұрын айтылған күтулерге сәйкес сақталады деп күтіледі. Қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес, 2019 жылы өндіру 22 750 – 22 800 тоннаға жуық уран құрайды деп болжанады (100% негізде); көлемдердің қысқаруын ескерусіз 2019 жылы өндіріс деңгейі 28 500 т уран көлемінен (100% негізде) асар еді.

«Ақшалай өзіндік құн» (С1) және «ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар» (AISC) көрсеткіштері бойынша болжал бұрын айтылған деректермен салыстырғанда өзгерген жоқ. Алайда, бұрын жарияланғанындай, 2019 жылғы бюджетте Қазатомөнеркәсіп пайдаланатын болжамды бір АҚШ доллары үшін 370 теңгеге салыстырғанда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы төмен болды. Нәтижесінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің мәндері жоғарыдағы кестеде ұсынылған диапазонның төменгі шегіне жақындады.

Компания табиғи уран қорларының (қоймалардағы қалдықтардың) деңгейін иелену үлесіне пропорционал түрде шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлемі деңгейінде ұстап тұруға ұмтылысын жалғастыруда. Дегенмен, Қазатомөнеркәсіп уран нарығына үнемі мониторинг жүргізіп отырады және қолайсыз нарықтық жағдайларда Компания қорлардың деңгейін арттыру стратегиясын ұстана алады. 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру