23 ақпанда Алматы облысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының тармақтық менеджерлері, құрылымдық бөлімшелері, өндірістік цехтары мен учаске басшыларына арналған VIII Қысқы мектеп өз жұмысын бастады. Холдинг қызметкерлерінің корпоративтік рухы мен имиджін нығайту, компанияның стратегиялық мақсаттарын терең түсіну және оларды іске асыруды мақсат еткен корпоративтік іс-шараның ауқымы кең, маңызы зор. Бұл туралы Қысқы мектептің ұранының өзі де айтып тұрғандай: «Мықты да табысты кәсіпорындарға епті де іскер көшбасшылар қажет!»
Іс-шараның тұрақты ұйымдастырушысы – ұлттық атом компаниясының корпоративтік университеті саналатын «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС.
Биылғы Қысқы мектеп «Іскер басшының шеберханасы: Өндірістік бөлімшені басқарудың қазіргі жағдайдағы ерекшеліктері» деген атпен өтуде.
Қысқы мектепке Қазатомөнеркәсіпке қарасты 20 кәсіпорыннан («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орталық аппараты, «Волковгеология», «Заречное» БК», «Ақбастау» АҚ, «Бетпақ Дала» БК, «Орталық» ӨК, «РУ-6», «ТТХК», «СКК», «СКЗ-U», «Қаратау», «Қызылқұм», «Бәйкен-U», «Семізбай-U», «Әппақ», «Байланыс-ҰАК», «Геотехносервис», «Astana Solar» ЖШС) 66 қызметкер қатысуда. Қатысушылар өзара командаларға бөлініп, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қысқы мектеп-2015 жеңімпазы» атағын және ауыспалы кубогін жеңіп алу үшін сынға түсетін болады. Қысқы мектеп бағдарламасы радиациялық тәуекелдер және радиофобия саласындағы мәселелерді түсіндіруге арналған лекциялық сабақтарды, кәсіпорын командаларының «Визитка» - үй тапсырмасы» байқауына қатысуын, басқару құзыреттерін жетілдіру бойынша тренингтерді және тимбилдинг элементтері бар спорттық сайыстарды қамтыған.
Қысқы мектеп бағдарламасында менеджерлік дағдыларды дамыту бойынша тренингке айрықша орын бөлінген. Тренингті М. Бекжанов басшылығындағы «Көкжиек» жеке және бизнес психология орталығының тәжірибелі де кәсіби шеберлері жүргізеді. Тренингтің мақсаты - мектеп қатысушылары бойында қазіргі заманғы басшының басқару қызметіндегі ерекшеліктер туралы және оның олар басқаратын өндірістік бөлімше қызметінің тиімділігіне ықпалы туралы түсінік қалыптастыру; бөлімшенің толық өндірістік нәтижеге қол жеткізу технологиясын жасау және оны іс жүзінде қолдану дағдыларын дамыту; қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бөлімшедегі моральдық-психологиялық климатты құру дағдыларын қалыптастыру және дамыту; тренинг қатысушыларында басқарушылық қызметтің игерілмеген қорларын анықтау жəне олардың одан əрі кəсіби дамуының жолын белгілеу.
27 ақпанға жоспарланған Қысқы мектептің жабылу салтанатында қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаз командаға естелік сыйлықтар мен Қысқы мектеп-2015 кубогі тапсырылмақ.
Қазақстанның ядролық университеті Қысқы мектептен басқа әр жылы атом саласының жас және үмітті мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған дәстүрлі Жазғы мектепті де өткізіп тұрады.