| (AIX)    USD 40   %0      KZT 18175   %0     

ШҚО-дағы Үлбі демалыс базасының сату аукционы 18 қазан күні өткізіледі

12 қазан 2016
 ШҚО-дағы Үлбі демалыс базасының сату аукционы 18 қазан күні өткізіледі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургия зауыты» АҚ «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін сатуға шығарғаны туралы хабарлайды.

Минималды құн белгілемей, бағаны төмендету жолымен өткізілетін электронды аукцион үстіміздегі жылдың 18 қазан күні Мемлекеттік мүлік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталында, Астана уақыты бойынша сағат 12:00 басталады.

Сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу Реттемесіне сәйкес жүргізіледі.

2004 жылы құрылған «Үлбі демалыс базасы» ЖШС қарамағына Өскемен қаласынан 75 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысындағы «Төрт-қара» көлінің жағалауында орналасқан «Сибины» демалыс базасы жатады. Кәсіпорын демалыс ұйымдастыру, мәдени-сауықтыру шараларын өткізумен шұғылданады. 6,5 гектар жерді алып жатқан демалыс базасындағы ғимараттар мен құрылымдардың жалпы аумағы 3 366 шаршы метр құрайды. Оның ішіне 3, 5, 6 және 7-орынды демалыс үйлері және басқа да шаруашылық ғимараттар кіреді.  

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату бейінді емес активтерден арылу арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономикалық қосымша құнын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, компания өз қызметін тек атом энергетикасы саласына бағыттамақ ниетте. 

Пікір қалдыру