| (AIX)    USD 37.95   %0      KZT 18400   %0     

Қазатомөнеркәсіптің өкілі АЭХА халықаралық байқауының жеңімпазы атанды

10 мамыр 2023
Қазатомөнеркәсіптің өкілі АЭХА халықаралық байқауының жеңімпазы атанды

Қазатомөнеркәсіптің маркетинг департаментінің бас менеджері Данияр Әшімов АЭХА ұйымдастырған халықаралық эссе байқауының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық сарапшының «Атом индустриясындағы кедергілерді жою жолдары» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы 35 ғылыми шығарма арасында үздік деп танылды.

Қазатомөнеркәсіптің жас маманы 8-12 мамыр аралығында Вена қаласында (Австрия) өтетін «Ядролық отын цикліне арналған уран шикізаты» (УРАМ-2023) Халықаралық симпозиумына өз эссесінің тұсаукесерін өткізу үшін шақырылды.

Іс-шара аясында АЭХА Бас директоры Рафаэль Гросси Данияр Әшімовке эссе байқауының жеңімпазы сертификатын табыс етті. 

Данияр Әшімов 2016 жылы Purdue University (АҚШ) бакалавриатын «Ядролық инженерия» мамандығы бойынша бітірген. Атом энергетикасы саласында түрлі ғылыми жарияланымдары мен сертификаттары бар.

Еңбек жолын Данияр Әшімов 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының инженері болып бастаған. Қазатомөнеркәсіп жүйесінде 2017 жылдың мамыр айынан ядролық-отын циклі жобалары департаментінің менеджері лауазымында жұмысқа қабылданып, 2022 жылы маркетинг департаментінің бас менеджері болып тағайындалды.

 

Қазатомөнеркәсіп келбеті

Пікір қалдыру