«Семізбай-U» ЖШС корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Біздің басты мақсатымыз – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және компаниямыз жұмыс істейтін өңірлерді дамытуға үлес қосу. Компания мен қоғам арасындағы байланысты нығайту арқылы біз адамдарға қамқорлық жасаудың тұрақты даму стратегиямыздың маңызды бөлігі екенін көрсетеміз.
2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған негізгі бастамалар:
1. Әлеуметтік қолдау және қайырымдылық
- Атаулы көмек: Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында көпбалалы отбасыларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға тікелей көмек көрсетілді.
- Мерекелік іс-шаралар: Халықаралық әйелдер күніне, Наурыз және Құрбан айт мерекелеріне орай қайырымдылық акциялары, түскі астар және салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
- Ардагерлерді құрметтеу: Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.
- Қызметкерлердің қатысуы: Біздің қызметкерлер Charity Samruk Marathon қайырымдылық жүгірісіне және «Донор күні» акциясына белсенді түрде қатысып, әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
- Балаларды қолдау: Балаларды қорғау күніне орай Көкшетау және Астана қалаларындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар өткізіліп, сыйлықтар табысталды.
2. Білім беруді қолдау
- Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға білім алуға көмек көрсетілді.
- Көкшетау қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» заманауи оқу құралдары (интерактивті тақта, теледидар) беріліп, балалардың білімге қолжетімділігі арттырылды.
3. Экологиялық жауапкершілік
- «Таза Қазақстан» бастамасы: Компания қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысып, сенбіліктер ұйымдастырды.
- Ағаш отырғызу: «Иіркөл» кен орнында «Қазатомпром аллеясы» ашылып, 1122 түп ағаш отырғызылды.
- Волонтерлік: Астана қаласындағы «Нұрлы жүрек» және «Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» аумақтарын абаттандыруға бағытталған волонтерлік жұмыстар атқарылды.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға жұмсалған жалпы қаражат көлемі 16 791 050 теңгені құрады.
Біздің компания тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына үлес қосу арқылы алға жылжуды мақсат етеді.