| (AIX)    USD 39.34   %   -0.2 KZT 18195   %   -0.71

Баспасөз баяны Атом саласының кәсіпорындарында қалдықтарды басқару жүйесін құру туралы кеңес

24 шiлде 2015
 Баспасөз баяны Атом саласының кәсіпорындарында қалдықтарды басқару жүйесін құру туралы кеңес

2015 жылғы 24 шілде күні Астанада өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Жасыл экономиканы» дамыту аясында атом саласының кәсіпорындарында қалдықтарды басқару жүйесін құрудың кешенді тәсілдемесі туралы» деген тақырыппен корпоративтік кеңес өткізді.

Отырысқа ұлттық атом компаниясының басшылары, Қазатомөнеркәсіптің еншілес және бағынышты кәсіпорындарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Құнанбаев өзінің кіріссөзінде холдинг кәсіпорындарында жиналатын қалдықтардың негізгі бөлігін аз улағыш және қауіптіліктің 4 және 5-класына жататын, зияндылығы барынша төмен қалдықтар құрайтынын атап көрсетті. Бір жыл көлемінде компания шығаратын радиоактивті қалдықтар еліміз кәсіпорындарында жыл сайын қордаланатын бүкіл қалдықтардың шамамен 0,03% ғана құрайды. МАГАТЭ классификациясы бойынша радиоактивті қалдықтар меншікті активтілігі 10кБк/кг-нан аз болатын, белсенділігі барынша төмен қалдықтар тобына жатқызылады.

Атом саласындағы қалдықтарды басқару жүйесін құрудың кешенді тәсілдемесі туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қанат Мұсапарбеков әңгімелеп берді.

Ол өз баяндамасында өндірістік қызмет барысында пайда болатын қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу экологиялық проблемаларды шешу үшін де, ресурстарды тиімді пайдалану үшін де үлкен маңызға ие екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ, жиын қатысушылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қалдықтарды басқару жүйесін құрудың кешенді тәсілдемесі бойынша 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» жобасын талқылады. Құжатқа сәйкес, қалдықтарды басқару жүйесінде бірқатар корпоративтік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ өндірістегі қалдықтармен мәміле жасау кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау жоспарланған.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру