| (AIX)    KZT 18520   %   -1.54 USD 38.15   %   -2.3

«Уранэнерго» ЖШС: жаңғырту бағытымен

17 тамыз 2023
«Уранэнерго» ЖШС: жаңғырту бағытымен

16 тамызда Түркістан облысының Таукент кентінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Уранэнерго» ЖШС (бұдан әрі - Уранэнерго немесе Компания) өндірістік объектісінде баспасөз туры өтті. Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімдігінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Тур барысында электрмен жабдықтаушы компания Түркістан облысы бойынша ҚР ҰЭМ ТМРКД мен ҚР Энергетика министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындаудың аралық нәтижелерін көрсетті.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Таукент және Қызымшек кенттері мен уран өндіретін кеніштерді энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу уақытын азайтуға, сондай-ақ компания желілеріндегі технологиялық шығындарды азайтуға бағытталған.   

Кәсіпорынның 2022 жылғы негізгі техникалық және қаржылық-экономикалық көрсеткіштері және 2023 жылға арналған жоспарлары ұсынылды.

«Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2023 жылы біз ГПП-К мен ГПП-3 қосалқы станциялары арасында талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды, электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (ЭБЕАЖ), телефон байланысы мен интернеттің берілетін және қабылданатын сигналдарының сапасын жақсартуды, сондай-ақ жоғары жиілікті байланыс арналарын жаңғыртуды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 125 кВт фотоэлектрлік станция пайдалануға беріледі деп күтілуде», - деп атап өтті «Уранэнерго» ЖШС бас директоры Тимур Тастанбеков.

«Біз барлық техникалық және технологиялық процеспен, сондай-ақ инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асыру барысымен таныстық. Қазіргі уақытта біз аралық нәтижелер мен тұтастай алғанда кәсіпорын инфрақұрылымының жай-күйі туралы жағымды әсерге ие болып отырмыз. Бағдарламаның 2022 жылы орындалуына қатысты айтарым, біз жыл сайын оның орындалуына талдау жүргізіп отыратындықтан әлі құжаттамалық тексерулер жүргізіле бермек», - деді ҚР ҰЭМ ТМРК Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Қанат Оралов.

Уранэнерго объектілерінде инвестициялық бағдарламаның орындалуын талдау жыл сайын жүргізіледі. Осы бағдарламаны іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндіруші кәсіпорындарының, сондай-ақ Таукент және Қызымшек кенттердің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 (7172) 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзумов, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарламаның көшірмесін www.kazatomprom.kz алуға болады.

Уранэнерго туралы

«Уранэнерго» ЖШС 2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындарын сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында электр желілері мен қосалқы станцияларды қазіргі заманғы жабдықтар базасында пайдалану жолымен құрылды. Компания Түркістан және Қызылорда облыстарының аумағында қызмет көрсетеді. Негізгі қызмет - электр энергиясын беру және тарату. Электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерді тұтынушылар: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындары, Таукент пен Қыземшек кентінің тұрғындары және өзге де бюджеттік ұйымдар.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2022 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 22% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің  www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар  мәлімдемелер қолданылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА  ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.

Пікір қалдыру