| (AIX)    USD 40.26   %   -1.54 KZT 21045   %   -1.34

Қазатомөнеркәсіпте Автокөліктегі қауіпсіздік жылы жарияланды

21 ақпан 2022
Қазатомөнеркәсіпте Автокөліктегі қауіпсіздік жылы жарияланды

18 ақпанда бейнеконференция режимінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) өндірістік қауіпсіздігі бойынша XXIV корпоративтік кеңес өтті. Онлайн-шараға Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу, Қазатомөнеркәсіптің, еншілес және тәуелді ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, «Самұрық-Қазына» АҚ, Cameco, Orano, Росатом компанияларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында атом холдингі кәсіпорындарының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы 2021 жылғы қызметінің нәтижелері қаралды, сондай-ақ 2022 жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар айқындалды.

«Өндірістік қауіпсіздік, қызметкерлеріміздің денсаулығы және өндірістік қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін азайту біздің негізгі басымдықтарымыз болып қала береді.

Жыл бойы біз орын алған барлық оқиғаларды егжей-тегжейлі қарастырып, олардың пайда болуының түпкі себептерін анықтадық және болашақта оларды болдырмау үшін іс-шаралар әзірледік. Біз қауіпсіздік мәдениетін, көшбасшылықты дамыту және еңбек қауіпсіздігі, экология мәселелеріне қызметкерлерді жан-жақты тарту, барлық мүдделі тараптармен ашық және адал диалог бағытын сақтап қалдық.

Әрбір қызметкердің қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпен қарауы осы процесті жақсартуға ықпал етеді және өндірісте нөлдік жарақатқа қол жеткізу мақсатына жақындататынына сенімдімін», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов.

Өндірістік қауіпсіздік бойынша жұмысты күшейту шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ 2022 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Өз кезегінде Қазатомөнеркәсіп жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) зардап шеккен атом холдингінің қызметкерлері бойынша статистиканы ескере отырып, компанияда «Автокөліктегі қауіпсіздік жылын» жариялады.

Жиын барысында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға Экологиялық және әлеуметтік салалардағы іс-қимыл жоспарын (ESAP) іске асыру бойынша жұмыс нәтижелері, атап айтқанда уран кен орындары мен іргелес елді мекендердің экологиялық және әлеуметтік зерттеулері, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ өндірістік қызметінің қоршаған орта және жергілікті тұрғындарға жиынтық әсері зерттеулері ұсынылды.

Кеңес барысында табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ұлттық атом компаниясының 2021 жылы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жалпы шығындары шамамен 1 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласындағы көрсеткіштерді жақсарту үшін бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарланған.

 «Қазатомөнеркәсіп «Zero Waste» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастырады , ол өндіріс және тұтыну қалдықтарының өнім бірлігіне шаққандағы пайда болуының үлестік нормативтерін есептеу арқылы уран өндіретін және қайта өңдейтін ЕТҰ үшін индикаторлар белгілейтін болады. Бұл тәсіл уран өндіру саласының кәсіпорындарында пайда болатын өндіріс және тұтыну қалдықтарының түзілуін азайтуға және азайтуға ықпал ететін болады», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Манас Ысқақов.

Компания жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өндірістік қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін COVID-19 таралуын болдырмаудың қажетті алдын-алу шараларын уақтылы қабылдауды жалғастыруда. Қызметкерлерді вакциналау және қайта вакциналау үшін кеңселерде және өндірістік алаңдарда жылжымалы екпе салатын бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда атом холдингінің барлық еңбек ұжымының 94% - ы вакциналанды.

Сондай-ақ, кеңес аясында «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік кәсіпорын» байқауының қорытындысы шығарылып (1-орын «СКЗ-U» ЖШС, 2-орын «ОТХК» БК» ЖШС, 3-орын «Қаратау» ЖШС), еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін берілетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы сыйлығы иегерлерінің есімдері аталды (инженерлік-техникалық қызметкерлер арасындағы жеңімпаздар: 1-орын «СКЗ-U» ЖШС ӨБАЖ қызметінің басшысы Нұрлан Мұсабаев; 2-орын «ҮМЗ» АҚ ТӨ №10 цехы №5 бөлімшесінің басшысы Николай Лебедев; 3-орын «ОТХК» БК» ЖШС «Оңтүстік Инкай» кеніші ЦППР басшысы м.а Виталий Кравченко. Жұмысшы-қызметкерлер арасында жеңімпаздар: 1-орын «Байкен-U» ЖШС бас механик бөлімінің электр-газбен дәнекерлеушісі Табиғат Божан; 2-орын «Инкай» БК» ЖШС ГТП операторы Сәкен Бекмұратов; 3-орын «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС «Мыңқұдық» кенішінің ГТП операторы Жасұлан Жайсанбаев).

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру