| (AIX)    USD 39.74   %0      KZT 18100   %0     

Баспасөз баяны А. Жұмағалиев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

26 маусым 2015
Баспасөз баяны А. Жұмағалиев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

23-24 маусым күндері «Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев атом энергриясын бейбіт пайдалану саласындағы халықаралық тәжңірибені үйрену және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды.

Қазақстандық компания басшысы Абу-Даби қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан, қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келетін «Барака» атом электр стансасын барып көрді. Асқар Жұмағалиев стратегиялық маңызды нысанды аралап, АЭС құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, араб серіктестері жобаны іске асыру барысында қолданылатын қазіргі заманғы озық технологияларды көрсетті.

Болашақта электр энергиясының тапшылығына ұшырамау үшін, сондай-ақ қуат қоржынын әртараптандыру және көмір қышқыл газдың ауаны ластауын азайту мақсатында БАӘ үкіметі ядролық энергетиканы пайдалануды жоспарлап отыр. «Барака» АЭС-ның құрылысын оңтүстік кореялық КЕРСО компаниясы басшылығындағы консорциум жүргізуде. Атом стансасы APR-1400 реакторы орнатылатын жалпы қуаты 5,6 МВт-қа тең төрт энергия блогынан тұратын болады. Нысанды кезеңімен пайдалануға беру 2017-2020 жылдарға межеленген.

Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев БАӘ Атом энергиясы жөніндегі корпорациясының (ENEC) басқарма төрағасы, Абу-Даби Атқару кеңесінің мүшесі Халдун Халифа әл-Мубаракпен және осы Корпорацияның бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесті. Тараптар атом энергетикасы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

 

БАӘ Атом энергиясы жөніндегі корпорациясының (Emirates Nuclear Energy CorporationENEC) – елде атом энергетикасын дамыту мақсатында 2009 жылы құрылған Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық атом корпорациясы. ENEC БАӘ-дегі атом электр стансаларын іске қосу және пайдалану бағытында жұмыс жүргізеді. Компания сондай-ақ, атом саласын стратегиялық инвестициялауға, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жұмысқа да жауапты.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Қазатомөнеркәсіп сондай-ақ, Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру