| (AIX)    USD 41.2   %0      KZT 18310   %0     

2023 жылғы 3 тоқсандағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің операциялық нәтижелері

1 қараша 2023
2023 жылғы 3 тоқсандағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп», «КАӨ» немесе «Компания») 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үшінші тоқсан мен тоғыз айдағы қызметтің төмендегідей операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл нәтижелер уран және ядролық өнеркәсіптегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, 2023 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпаратты, сондай-ақ Компанияның 2023 жылға арналған болжамды көрсеткіштерін жаңартуды көрсетеді. Қызметтің осы операциялық нәтижелерінде қамтылған ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

Қыркүйек айының басында атом саласының көшбасшылары, сарапшылары және басты қатысушылары Лондонда ядролық отын нарығының негізгі мәселелерін, өзекті мәселелерін және перспективаларын талқылау үшін жыл сайынғы Дүниежүзілік Ядролық Симпозиумға (WNA) жиналды. Осы іс-шара аясында жұртшылыққа нарық туралы жаңартылған есептер, сондай-ақ бірнеше бастамалар мен кампаниялар таныстырылды. COP28 қарсаңында, «Үкіметтер, сала көшбасшылары және азаматтық қоғам арасындағы бұрын-соңды болмаған ынтымақтастыққа» қол жеткізу үшін Дүниежүзілік ядролық қауымдастық және БАӘ Ядролық энергия корпорациясы (ENEC) Ұлыбритания үкіметі мен АЭХА-нің Atoms4NetZero бағдарламасының қолдауымен Net Zero Nuclear бастамасын іске қосты. Кампанияның мақсаты – атом энергетикасының құндылығын арттыру және оның өсуіне кедергілерді жою арқылы жаһандық жүйелерді декарбонизациялауға жәрдемдесуде, әсіресе, ағымдағы жылдың соңында БАӘ-де өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы қарсаңында атом энергетикасы әлеуетін толық іске асыруды қамтамасыз ету.

Net Zero Nuclear-мен қатар үшінші тоқсанда келесі бастамалар жарияланды:

  • 2023 жылдың 18 шілдесінде Ұлыбританияның энергетикалық қауіпсіздік департаменті қаржыландыруы 20 миллиард фунтқа (~25,8 миллиард доллар) жетуі мүмкін, елде жаңа атом электр станцияларының құрылысын дамытуға бағытталған Great British Nuclear бағдарламасын іске қосатынын жариялады.
  • 2023 жылдың 27 шілдесінде АҚШ Сенаты АҚШ Қорғаныс министрлігінің қаржыландыруы мен негізгі міндеттерін анықтайтын ұлттық қорғаныс өкілеттіктері туралы Заңды (NDAA) мақұлдауға дауыс берді. Екі партияның қолдауымен сенаторлар NDAA-ға қосымша дауыс берді және АҚШ Энергетика министрлігін жұмыс істеп тұрған реакторлар үшін төмен байытылған уранның (ТБУ) ішкі қуатын арттыру бастамаларына басымдық беруге және жоғары сапалы төмен байытылған уранның (HALEU) қолжетімділігін қамтамасыз ету қадамдарын жеделдетуге шақырды.
  • Швеция үкіметі коммерциялық ядролық реакторлар санына шектеулерді алып тастауды және жаңаларын салуға рұқсат алу процедурасын жеңілдетуді жоспарлауда. Үкіметтің мәліметінше, 2030-2040 жылдары Швеция елдегі электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін 10 толық реакторға тең жаңа ядролық қуаттарды пайдалануға беруі талап етіледі.
  • Италия үкіметі елдегі атом энергетикасын жандандыру жөніндегі амбицияларын қайта жариялады, бұл ретте бірнеше министрлер алдағы 10 жыл ішінде атом энергетикасы қуатын қалпына келтіру жоспарларын жариялады. Италияда атом энергетикасының жандануы елдің жасыл экономикаға көшуі аясында қарастырылуда. Осы жылдың басында үкімет Франция ұсынған ЕО ядролық альянсын қолдады.

Жоғарыда аталған жаңалықтардан басқа, үшінші тоқсанда сұранысқа қатысты көптеген маңызды оқиғалар орын алды:

  • Ең көне Француз реакторларының бірі болып табылатын EDF басқаруындағы Tricastin 1 энергоблогы 40 жылдан астам қызмет етуге мақұлданған елдегі алғашқы атом реакторы болды.
  • Westinghouse және Bechtel Любятово-Копалино алаңында Польшадағы алғашқы атом электр станциясын жобалау және салу бойынша серіктестік туралы ресми келісімге қол қойды. Алғашқы поляк ядролық реакторы AP1000 коммерциялық мақсатта 2033 жылы іске қосылады деп күтілуде.
  • Пәкістан Пенджабта құны $3,5 млрд және қуаты 1200 МВт болатын бесінші Чашма атом электр станциясының құрылысын бастады. Блок қытайлық реактором Hualong One реакторымен жабдықталады. Құрылыс 2030 жылға қарай аяқталады деп күтілуде.
  • Kansai Electric Power Co. (Kansai) 12 жылдан астам уақыт бұрын пайдаланудан шығарылған Жапонияның Фукуи префектурасындағы Такахама атом электр станциясында алғашқы 780 МВт қуат блогын қайта іске қосты. Кансай өзінің батыс Такахама атом электр станциясында 47 жыл қолданыста болған реакторын қайта іске қосып, желіге шамамен 1 ГВт электр қуатын қосты. 40-жылдық стандартты шектен тыс қызмет ету мерзімін ұзарту үшін Үкіметтің арнайы мақұлдауынан кейін Такахама-2 реакторы Жапонияда Михама-3 және Такахама-1 реакторларынан кейін ққолданысқа оралған үшінші типтегі реакторға айналады.
  • Қытай жұмыс істеп тұрған үш атом электр станциясында – Ниндэ АЭС-ның 5 және 6 энергия блоктарында, Шидаован АЭС-ның 1 және 2-ші энергия блоктарында және Сюдапу АЭС-ның  1 және 2-ші энергия блоктарында алты жаңа реактор салуды мақұлдады. Бұл Қытайдың 2023 жылы реакторларды салуға қолжеткізген алғашқы рұқсаттары (2022 жылы реакторларды салуға 10 рұқсат алған болатын).
  • Georgia Power америкалық Джорджия штатында екінші жаңа реактордың толық іске қосылуын белгілей отырып, Вогтль атом электр станциясының төртінші қуат блогына отын жүктей бастады. Алайда, салқындатқыш сорғының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты Вогтль-4 коммерциялық жұмысы келесі жылға ауыстырылды.
  • Словакиядағы Моховце АЭС-ның үшінші блогы жақында өткізілген сынақтарда шығыс қуатының 100%-на жетті. Алдағы айларда энергоблок коммерциялық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Төртінші АЭС реакторы үшінші блоктан кейін бір-екі жылдан соң іске қосылатын болады.
  • Аргентинадағы Атуча-2 реакторы жөндеу жұмыстарына байланысты 10 ай тоқтап тұрудан кейін қайта іске қосылды.
  • Росатом Венгриядағы «Пакш II» АЭС-те ССЭР-1200 екі жаңа энергия блогын салудың негізгі кезеңіне кірісті. Реакторлардың жалпы қуаты 2,4 ГВт құрайды.
  • CGN Компаниясы Луфэн АЭС-те алтыншы HPR1000 энергия блогының құрылысын бастағанын жариялады.
  • Египет үкіметі Дабаа АЭС-ның төртінші энергия блогының құрылысын мақұлдады.
  • Westinghouse Electric Украинаның «Энергоатом» Мемлекеттік энергия өндіруші компаниясына ССЭР-440 ЖБЖ-ның бірінші партиясын жеткізетінін жариялады.
  • Бангладеш Росатом салған «Руппур» АЭС-ның №1 энергия блогы үшін ЖБҚ-ның бірінші партиясын жеткізуді қабылдады. Руппур коммерциялық іске қосуды бастағаннан кейін Бангладеш әлемдегі 33-ші атом энергетикасы бар ел болады.
  • 2023 жылдың 6 қыркүйегінде Centrus Energy Corp. 2023 жылдың қазан айында Огайо штатының Пайктон қаласындағы центрифуга өндіруші американдық зауытта жоғары сапалы төмен байытылған уран (HALEU) өндірісінің басталғанын мәлімдеді. Қазан айында байыту процесін бастайды деп күтілетін 16 центрифугалық каскад жылына шамамен 900 кг жоғары сапалы төмен байытылған уран шығара алады. Қажетті қаржыландыруды алғаннан кейін 120 центрифугасы бар және жылына шамамен 6000 кг (6 MTU/жыл) жоғары сапалы төмен байытылған уран өндіретін толық ауқымды HALEU каскады шамамен 42 айдан кейін іске қосылады.

Ұсыныс жағына келер болсақ, Нигердегі әскери төңкеріске байланысты канадалық уран өндірушісі Global Atomic Corporation Даса жобасында өңдеу зауытын пайдалануға беруді 6-12 айға кейінге қалдыру мүмкіндігі туралы хабарлады.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Orano компаниясы Нигердегі негізгі материалдарды жеткізу дәлізінің үздіксіз істен шығуы аясында химиялық қорлардың сарқылуына байланысты Нигердегі Сомэйр уран зауытында техникалық қызмет көрсету жұмыстарын мәжбүрлі түрде ауыстыру туралы жариялады. Бұған дейін Orano өз кәсіпорнында уран кенін өңдеуді тоқтататыны туралы хабарланған болатын, өйткені әскери хунтаға салынған халықаралық санкциялар логистиканы қиындатады.

Cameco техникалық мәселелерге байланысты 2023 жылға болжанған өндіріс көлемінің төмендегенін жариялады. Cigar Lake шахтасында жоспарланған 18 миллион фунттың орнына компанияның өндірісі 16,3 миллион фунт U3O8 деңгейінде болады, ал жақында ғана қалпына келтірілген MacArthur River кенішіндегі өндіріс 1 миллион фунтқа төмендейді деп күтілуде.

Нарықтық белсенділік және баға белгілеу

Шілде айында және тамыздың көп бөлігінде уранның споттық нарығында белсенділік байқалмады, алайда тамыздың соңғы аптасы транзакциялар көлемінің айтарлықтай өскенін көрсетті. Қыркүйек айында нарық Нигердегі жағдайдың нәтижесінде қысымның жоғарылауын бастан өткерген бағалардың тұрақты өсуін, сондай-ақ қолданыстағы және жаңа өндірушілердің мақсаттарының орындалмауын көрсетті. Нәтижесінде, баға ұсыныстары АҚШ-тық  70 доллардан асып түсіп, U3O8 фунты үшін 73,50 долларға жетті, бұл 2008 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды.

Үшінші тараптардың деректеріне сәйкес, 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында жасалған споттық мәмілелердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% - ға төмен болды. 2023 жылдың тоғыз айында споттық сатылым шамамен орташа апталық спот бағасы U3O8 фунты үшін 54,67 долларды құраумен 32 миллион фунт U3O8 (12,400 тонна уран) болды, ал 2022 жылдың сәйкес кезеңінде орташа апталық спот бағасы 49,67 долларды құрап, шамамен 41 миллион фунт U3O8 (15,800 тонна уран) болған еді.

Ұзақ мерзімді нарықта, үшінші тараптардың мәліметтері бойынша, 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында мәміле жасалған көлемдер шамамен 145 миллион фунт U3O8 (55 700 тонна уран) құраса, ал 2022 жылдың сәйкес кезеңінде шамамен 85 миллион фунт U3O8 (32 700 тонна уран) болды. 2023 жылға қарай ұзақ мерзімді келісімшарттар көлемінің 70% - ға артуы үшінші тоқсанның соңында ұзақ мерзімді баға көрсеткішінің айтарлықтай өсуіне әкелді – U3O8 фунты үшін 10,50 доллар – нәтижесінде U3O8 фунты үшін орташа ұзақ мерзімді баға 61,50 АҚШ долларын құрады (ай сайын үшінші тараптар жариялайды).

Компания оқиғалары

Көлік тәуекелдерін төмендету бойынша шаралар

Қазатомөнеркәсіп Ресей Федерациясына қатысты санкциялармен байланысты жағдайды және олардың Ресей аумағы арқылы өнімді тасымалдауға ықтимал әсерін бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша Компанияның тұтынушыларына дайын өнімді жеткізуге байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды. Қазатомөнеркәсіп үшінші тоқсанның келісімшартқа отырған көлемін логистика/сақтандырумен байланысты қандай да бір іркіліссіз немесе еш қиындықсыз жөнелтті. Компания 2018 жылдан бері балама бағыт ретінде сәтті қолданып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) қандай да бір себептермен негізгі бағыттың қол жетімсіздігі қаупін жоюға ықпал етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, WNA Көліктік жұмыс тобы аясында Қазатомөнеркәсіп ТХКБ бойынша жеткізілімдердің мәртебесі туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды. Компания 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы жағдай бойынша Қазақстаннан батыс елдеріне уранның барлық жеткізілімдерінің 58%-ын ТХКБ арқылы жүзеге асырылғанын атап өтті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіптің батыс елдеріне ТХКБ арқылы уран жеткізу үлесі 71% - ға дейін жеткізеді деп күтілуде.

Қазақстандық уранды Қазатомөнеркәсіп немесе оның бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестері жеткізетініне қарамастан, ол батыстық конверсиялық кәсіпорындарға келгенге дейін өзінің шығу тегін өзгертпейді.

Басқарма құрамындағы өзгерістер

Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен Мейіржан Юсупов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Қазатомөнеркәсіптің жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компанияның директорлар кеңесі сонымен қатар компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаев мырзаны басқарма құрамына тағайындауды мақұлдады.

Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасына:

  • Мейіржан Юсупов, басқарма төрағасы;
  • Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;
  • Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;
  • Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
  • Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;
  • Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
  • Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.

Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКЖЖ) 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен Қазатомөнеркәсіп директорлар кеңесінің мүшелері болып Компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов және «Самұрық-Қазына» АҚ мажоритарлық акционерінің мүдделерін білдіруші Айдар Рысқұлов сайланды. Жаңадан сайланған мүшелердің өкілеттік мерзімі директорлар кеңесінің ағымдағы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін - 2026 жылғы 20 маусымда айқындалды. Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ мажоритарлық акционері мүдделерінің өкілі Рысқұлов мырза осы лауазымда Ернар Жанәділді ауыстырады.

Сонымен қатар, АКЖЖ-ның дауыс беру нәтижелері бойынша Айдар Рысқұлов мырза Жанәділ мырзаның өкілеттіктерінің босауына байланысты Компанияның директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:

  • Арман Арғынғазин – тәуелсіз директор, директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Арманбай Жұбаев – тәуелсіз директор;
  • Нодир Сидиков – тәуелсіз директор;
  • Ернат Бердіғұлов – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  • Елжас Отыншиев – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  • Айдар Рысқұлов – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі;
  • Мейіржан Юсупов – Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы.

Компанияның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің толық өмірбаянымен Компанияның www.kazatomprom.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді.

Несиелік рейтинг

2023 жылғы 30 қазанда Moody's Investors Service рейтингтік агенттігі Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін "Baa2" деңгейінде қайта растап, "тұрақты" болжамды "позитивті" болжамға өзгертті.

Қазатомөнеркәсіптің 2023 жылғы 3-тоқсан және тоғыз айдағы операциялық қызметінің нәтижелері1

 

Аяқталған үш ай,

30 қыркүйек

 

Аяқталған тоғыз ай,

30 қыркүйек

 

(U3O8  тонна, егер басқаша көрсентілмесе)

2023

2022

Өзгеріс

2023

2022

Өзгеріс

U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде)2

 5 092  

5 377

-5%

15 317  

15 446

-1%

U3O8 өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды)3

 2 692  

2 895

-7%

8 102  

8 309

-2%

ТОП бойынша U3O8 сату көлемі4

 2 679  

4 316

-38%

12 206  

13 332

-8%

ҚАӨ-тің U3O8  сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне кіретін)5

 2 533  

4 200

-40%

11 098  

12 232

-9%

Топ бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./ U3O8 фунты)6*

 52,93  

46,10

15%

48,30  

42,60

13%

ҚАӨ мәмілелері бойынша өткізудің орташа бағасы (АҚШ долл./ U3O8 фунты)7*

 51,90  

46,08

13%

47,81  

41,98

14%

Айдың соңындағы спот бағасының орташа бағасы (АҚШ долл./ U3O8 фунты)8*

 62,63  

49,13

27%

55,94  

49,77

12%

1 Барлық мәндер алдын ала алынған болып табылады.
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындардың жиынтық өндіріс көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды): Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және және өндірістің жылдық көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) компанияның бағалы қағаздарын шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК ЖШС өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорын серіктестеріне немесе үшінші қатысушыға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. Көрсетілген келісімге сәйкес есепті кезеңде «Инкай» БК өндіріс көлемі кәсіпорын қатысушылары арасында 50:50 қатынасында бөлінді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының сатуларын қамтиды (ҚАӨ мыналарының бар болу арқылы бақылайтын компаниялар: (i) олардың кірістілігіне айтарлықтай әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ii) оның осындай субъектілерге қатысуынан түсетін кірістердің өзгеруіне әсер ету немесе құқықтар және (iii) топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтарының болуы мен әсері ҚАӨ-тің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі. Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа түрлерін (отын таблеткаларын және байытылған уран өнімін (БУӨ) сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) сатуды қамтымайды. Бұл ретте Топтың U3O8 өндіру көлемінің бір бөлігі БУӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ Ульба-ЖБЖ жылу бөлетін жинақтарды (ЖБЖ) өндіруге жұмсалады.
5 ҚАӨ U3O8 сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек ҚАӨ және Kazakatom AG (TҰК) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. ҚАӨ және TҰK арасындағы Топ ішілік мәмілелер қосылмаған.
6 Топ бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл./U3O8 фунты): жоғарыдағы 4-ескертпеде анықталғандай, Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарының сатуларын қамтиды.
7 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл./ U3O8 фунты): ҚАӨ және TҰK соңғы сыртқы сатылымдары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ және TҰK арасындағы Топ ішілік мәмілелер бойынша бағалар қосылмаған.
8 Дереккөз: UxC LLC, TradeTech. Бағалар айдың соңындағы UxC және TradeTech уранының спот бағасының баға белгілеулерінің орташа мәнін білдіреді, ай ішіндегі әр апта үшін спот бағасының баға белгілеулерінің орташа мәнін білдірмейді, өйткені келісімшарт бағасының шарттары әдетте тиісті айдың соңындағы бағамен байланысты қойылады.
* U3Oфунтына кг уранды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екеніне назар аударуыңызды өтінеміз.
 

2023 жылдың үшінші тоқсанындағы және алғашқы тоғыз айындағы өндіріс көлемі (100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды) негізінен 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың жыл басында жарияланған 2022 жылмен салыстырғанда біршама төмендеуіне байланысты 2022 жылдың ұқсас кезеңдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда төмен болды. Күкірт қышқылы сияқты кейбір негізгі материалдарға шектеулі қол жетімділікпен байланысты проблемалар сақталуда, бұл 2024 жылы өндіріс көлеміне теріс әсер етуі мүмкін. 2023 жылға арналған жылдық өндіру бойынша күтулердің ағымдағы деңгейі өзгеріссіз қалады.

2023 жылдың үшінші тоқсанында және алғашқы тоғыз айында Топтың да, ҚАӨ-нің да сату көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен болды, бұл жоспарланған жеткізу уақытының айырмашылығына байланысты. Әр тоқсанның сату көлемі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, ал тоқсандық сату көлемі жыл бойына клиенттердің жеткізілім кестесі мен сұраныстарының айырмашылығына, сондай - ақ нақты физикалық жеткізілімдерге байланысты жылдан жылға өзгеріп отырады.

2023 жылдың үшінші тоқсанында да, алғашқы тоғыз айында да сатудың орташа бағасы уранның спот бағасының жоғарылауына байланысты 2022 жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жоғары болды. Компанияның қазіргі келісімшарттық портфелі уранның спот бағасымен байланысты, алайда кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жеткізілімдер төмен спот бағалары жағдайында қалыптасқан белгіленген баға компонентін қамтыды. Нәтижесінде, есепті кезеңде компанияны және топ бойынша сатудың орташа бағасының өсуі осы уақыт аралығындағы уранның спот нарығындағы бағаның өсуінен төмен болды.

Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен қызмет нәтижелерінің аралық динамикасы тек кейде жыл бойынша күтулерге қатысты өкіл болып табылады. Жылдық болжамдарды түсіну үшін Компанияның уранды сату бағасына сезімталдығын төменде келтірілген талдауды қарастыру қажет, ол уранға болжамды бағалардың баға диапазонын кеңейту тұрғысынан жаңартылды.

Уранды сату бағасына сезімталдықты талдау

Компания есепті жылдың алты және он екі айындағы Компанияның қаржылық жай-күйі мен қызметінің нәтижелеріне талдау шығару шеңберінде жарты жылдық негізде уранды өткізу бағасына сезімталдықты өзектендіру және талдау ұсыну жөніндегі практиканы сақтайды. Ұсынылған толықтыру нарықтық спот бағалардың айтарлықтай жақсаруына және инвестициялық қоғамдастық тарапынан қызығушылық пен келіп түсетін сұраныстардың тиісті өсуіне байланысты.

Бұл сезімталдықты талдау тек анықтамалық ақпарат ретінде пайдаланылуы керек және іс жүзінде уран нарығындағы спот бағалары U3O8 сатудың орташа жылдық бағалары осы кестеде көрсетілгендерден өзгеше болуына әкелуі мүмкін. Кесте бірнеше негізгі болжамдарға, соның ішінде өзгеруі мүмкін және Топтың бақылауынан тыс тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырайтын болашақ бизнес мүмкіндіктерін бағалауға негізделген.

Орташа жылдық спот бағасы (АҚШ долл.)

2023П

2024П

2025П

2026П

2027П

20

40

25

26

24

25

40

45

40

39

39

39

60

51

56

55

57

57

80

56

70

69

73

73

100

61

82

81

87

87

120

66

95

92

101

100

140

71

108

104

114

114

Мәндер доллар сомасына дейін дөңгелектенеді. Бұл сезімталдықты талдау келесі негізгі болжамдарға негізделген:

- Осы талдаудың мақсаттары үшін АҚШ - тағы жылдық инфляция 2% құрайды деген болжам қолданылады.

- Талдау 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жүргізілді және 2023-2027 жылдарға топтың көрсетілген кезең ішінде жылдық ең төменгі орташа сату көлемі негізінде U3O8 нысанында шамамен 18 мың тонна уран дайындалды, оның ішінде 2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша келісімшарттар жасалған көлемдер келісімшарттың қолданыстағы талаптарына сәйкес сатылатын болады (яғни, белгіленген баға компоненті (келісілген баға формуласына сәйкес есептелген) және/немесе жеке спот, орта және ұзақ мерзімді бағалардың комбинациясы бар біріктірілген баға механизмдері бар келісімшарттар); Қазатомөнеркәсіптің маркетингтік стратегиясы икемді болып қалу және нарықтық сигналдарға барынша жауап беру үшін оның портфеліндегі белгіленген және нарықтық бағасы бар келісімшарттардың нақты үлесіне бағытталмайды.

- 2023 жылы сату бағасы мен спот бағалары арасында айырмашылық күтілуде, өйткені 2023 жылы кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жеткізілімдер төмен бағалар жағдайында келісілген белгіленген бағалардың белгілі бір үлесін қамтиды;

- Осы кестедегі мақсаттар үшін U3O8 расталмаған көлемі сатып алушылармен тікелей жасалатын және спот бағаларға негізделген қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша сатылады деп болжанады.

Қазатомөнеркәсіптің  2023 жылға арналған жаңартылған болжамдары

1 АҚШ доллары үшін 460 теңге бағамы бойынша

Алдыңғы

Жаңартылған

 

30 маусым 2023

30 қыркүйек 2023

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіру көлемі (100% негізде), тонн1

20 500 – 21 5002

20 500 – 21 5002

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіру көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды), тонн3

10 600 – 11 2002

10 600 – 11 2002

Топтың өткізу көлемі, тонн (шоғырландырылған)4

17 500 – 18 000

18 000 – 18 500

о.і., Компанияның өткізу көлемі ( Топтың өткізу көлемін қоса алғанда), тонн5

14 500 – 15 000

14 650 – 15 150

Топтың жалпы кірісі (қарж.есептілікке сәйкес)6, млрд. теңге6

1 270 – 1 310

1 370 – 1 410

о.і.,  U3O8 өткізуден түске табыс (Топ бойынша)6, млрд. теңге6

1 020 – 1 060

1 120 – 1 160

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл./ фунт*

$13,00 – $14,50

$13,00 – $14,50

Ақшалай құны + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары

(қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл./ фунт*

$21,00 – $22,50

$20,50 – $22,00

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге7

220 – 230

200 – 210

1 Өндіру кәсіпорындарының U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде), тонна: бұл Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
2 Ресей-Украина қақтығысының ұзақтығы мен толық әсері белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі күтулерден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіру кәсіпорындарының U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды), тонна: бұл «Инкай» БК қоспағанда, онда жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) бұрын компанияның IPO даңғылында ашылған сату туралы келісімге сәйкес айқындалатын Компанияның меншік үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындардың өндіріс көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды. Өндірістің нақты көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді ұйымдарының сатуларын қамтиды (ҚАӨ мыналарының бар болу арқылы бақылайтын компаниялар: (i) олардың кірістілігіне айтарлықтай әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ii) оның осындай субъектілерге қатысуынан түсетін кірістердің өзгеруіне әсер ету немесе құқықтар және (iii) топтың пайда мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. Негізгі құқықтардың, соның ішінде елеулі әлеуетті дауыс беру құқықтарының болуы мен әсері ҚАӨ-тің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі. Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа түрлерін (отын таблеткаларын және байытылған уран өнімін (БУӨ) сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) сатуды қамтымайды. Бұл ретте Топтың U3O8 өндіру көлемінің бір бөлігі БУӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ Ульба-ЖБЖ жылу бөлетін жинақтарды (ЖБЖ) өндіруге жұмсалады.
5 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компания мен ТҰК-ның сыртқы сатылымдары кіреді. Компания мен ТҰК арасында жасалған Топ ішіндегі мәмілелер қамтылмаған.
6 Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уран бағасына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына негізделген. Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта үшінші тарап көздерін пайдалана отырып алынған уран бағасына және 460 АҚШ доллары/теңге мөлшеріндегі ішкі айырбастау бағамы туралы болжамға негізделген. 2023 жылғы кіріске уран мен валюта бағамдарының нақты бағалары сипатталған болжамдардан қаншалықты ерекшеленетіні айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
7 Күрделі шығындар (100% негізде): тек тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарын, соның ішінде инвестициялық жобалар мен кеңейту жобаларына жасалған елеулі күрделі шығындарды қамтиды. Кәсіпорынды тарату қорлары мен тарату шығындары кірмейді. 2023 жылы ұңғымаларды салуға және жаңа кеніштерді жайластыруға арналған шығындар «Буденовское» БК» ЖШС және «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төрткұдық) жиынтығында шамамен 40 млрд теңге мөлшерінде қамтиды.
* U3O8 фунтына кг уранды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 екеніне назар аударуларыңызды өтінеміз.
 

Бұған дейін www.kazatomprom.kz  корпоративтік интернет-ресурста қолжетімді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қызметінің 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық нәтижелері" есебінде ашылғандай өндіріс көлемін қоспағанда, 2023 жылға арналған барлық болжамды көрсеткіштер (100% - ға және меншік үлесіне пропорционалды) жаңартылған спот бағалары және сату портфелін кеңейтілуін пайдалана отырып қайта қаралды. Компания клиенттердің қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жылдық жеткізілім көлемін ұлғайтуға сұраныстарына, сондай-ақ 2023 жылы жеткізіліммен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты алдыңғы болжамды көрсеткіштермен салыстырғанда сату көлемінің ұлғаюын күтуде

Түсім бойынша, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» көрсеткіштері бойынша күтулер Компанияның жоғарыда келтірілген күтулерінен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы және уранның спот бағасы Компанияның болжамдарынан өзгеше болады. Күрделі шығындар бойынша өзгеріс жобаларды іске асыру кестесінің өзгеруіне және күрделі салымдар бойынша үнемдеуге байланысты.

Айырбастау бағамдары мен уран бағасы сияқты сыртқы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын негізгі жорамалдар өткен жылы Компанияның жылдық бюджетін құру немесе ағымдағы жылы жоғары құбылмалылыққа байланысты енгізілген түзетулер барысында үшінші тарап көздерін пайдалана отырып белгіленеді; мұндай жорамалдар ерекше жағдайларда уақытша негізде ғана жаңартылатын болады.

Толық ақпарат алу үшін төмендегі көрсетілген байланыстарға хабарласа аласыздар:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры  

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары мәселелері бойынша

Асқар Атағулин, PR департаментінің директоры 

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Бұл хабарламаның көшірмесі www.kazatomprom.kz-те қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2022 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 22% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық тәжірибелері мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал Топтың негізгі клиенттері - Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Астана қаласындағы корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.  

Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсқа кіріңіз.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниет етеміз», «болуы мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиісті», «мүмкін» сияқты сөздер, бірақ олармен шектелмей және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары қолданылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСКЕР ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты өтініштер осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден сөзсіз бас тартады, Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді жария түрде жарияламайды

Пікір қалдыру