| (AIX)    USD 37.95   %0      KZT 18400   %0     

«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: атом саласының тұрақты болашағына бірлескен күш-жігермен

16 мамыр
«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: атом саласының тұрақты болашағына бірлескен күш-жігермен

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бүгін Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның 75 жылдық мерейтойына орайластырылған «Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылғаны туралы хабарлайды.

Конференция 2024 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады және бірінші күні уран және сирек металдар өнеркәсібін дамытудың өзекті мәселелері мен міндеттерін талқылау үшін әлемнің әртүрлі елдерінен келген атом саласының жетекші мамандарын қоса алғанда, 1000-ға жуық қатысушыны жинады.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты. Ол өз сөзінде министрліктің ірі өнеркәсіптік компаниялар мен ғылым арасында «көпір» құру жолында қалай жұмыс істеп жатқаны туралы айтты. Осы мақсатта министрлік ғалымдарға жағдай жасап, бизнестің назарын аудару мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуде.

«Қазатомөнеркәсіпте уран өндіруші кәсіпорындардан басқа, Үлбі металлургиялық зауыты бар – бұл бірегей кәсіпорын және ТМД елдеріндегі тантал, ниобий және бериллий өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Зауыт ядролық және термоядролық энергетикада, аспап жасауда, аэроғарыш өнеркәсібінде және өнеркәсіптің басқа да салаларында пайдаланудың үлкен әлеуеті бар бериллий негізіндегі интерметалл қосылыстарының бірегей өнімдерін жасау бойынша белсенді жұмыс жасауда. Термоядролық синтез технологиясы бойынша 31-ші халықаралық симпозиумда ҮМЗ технологтары мен ғалымдарының бұл әзірлемелері 2-ші орынға ие болды.

ҮМЗ технологтары мен ғалымдары бірнеше рет қиындықтарға тап болды. Олар бұл сын – тегеуріндерге әрдайым лайықты жауап берді және ғарыш дәуірінің материалын жасау жөніндегі бұл сын – қатерді олар лайықты қабылдады», - деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі Бас директоры Қуаныш Омарбеков.

«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы атом өнеркәсібіндегі маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Конференция 2000 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде уран мен сирек металдарды өндіру, өңдеу және пайдалану саласындағы тәжірибе мен озық әзірлемелермен алмасу үшін беделді алаң ретінде танылды.

«Біз ресурстарды тұрақты пайдалануға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар мен ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шығарындыларды азайту үшін біз қоршаған ортаға әсер ету бойынша жауапты шешімдер қабылдауға бағытталған инновациялық технологиялар мен әдістерді де енгіземіз. ҚБТУ жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына қатысады. Бірлескен күш пен ұжымдық тілек қана нақты өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Табиғи ресурстарды басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеу үшін бүгінгі күні диалог өте маңызды». – деп түсіндірді Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин.

 

Жалпы, бұл конференция минералды-шикізат базасын болжау, барлау және дамыту, уран мен сирек металдарды өндіру технологиясы, уран өнімін алу, өндіріс қауіпсіздігі, сондай-ақ экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең заманауи және инновациялық әдістемелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Конференция аясында 16-18 мамыр аралығында жеті секция бойынша тақырыптардың кең спектрі қаралатын болады:

  • Геология, геотехнология және тау-кен дайындық жұмыстары;
  • Уранды өндіру және өңдеу технологиясы;
  • Реакторға дейінгі ядролық отын циклінің технологиялары мен өзекті мәселелері;
  • Сирек, сирек жер металдарын және олардың негізінде жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің ресурстары мен тиімді технологиялары;
  • Атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс істеуі және техногендік қалдықтарды басқару, өндірістік қауіпсіздікті басқару;
  • Тұрақты даму мәселелері, оның ішінде экология, Әлеуметтік сала және корпоративтік басқару (ESG), атом саласы жұмысының құқықтық, макроэкономикалық және білім беру аспектілері;
  • Атом саласындағы цифрландыру, Автоматтандыру және роботтандыру.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша

Асқар Атагулин, PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80/69

Email: ir@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесін  www.kazatomprom.kz алуға болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жалпы әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын құрайтын Компанияның меншік үлесіне сәйкес табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың өнеркәсіптегі ең ірі уран қоры базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелер мен бақылауларға ерекше назар аудара отырып, уран өндіру үшін жерасты шаймалау технологиясын пайдаланады (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған).

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Астана халықаралық биржасында және Қазақстан қор биржасында тіркелген. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі тұтынушылары – ядролық генерациялау объектілерінің операторлары, ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей өзінің Астана қаласындағы (Қазақстан) корпоративтік орталығынан және Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: https://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде, бұның алдында, бұлардан кейін немесе «мақсат», «санаймыз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «әбден мүмкін» сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру