Климаттың өзгеруі
Қазатомөнеркәсіп климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақыратын БҰҰ-ның № 13 тұрақты даму мақсатын және Париж келісімін ұстанады. Ядролық энергетика экономиканың көміртексіз салаларының бірі болып табылады және атмосфераға парникті газдардың шығарындыларын айтарлықтай қысқартуға көмектеседі. Уран шикізатын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы бола отырып және атом электр станцияларына отын жеткізе отырып, Қазатомөнеркәсіп ядролық энергетиканың дамуын қамтамасыз етеді, сол арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күресте елеулі жанама әсер етеді.
Парникті газдардың шығарындыларын азайту
Қазатомөнеркәсіптің уран шикізатын өндіру жөніндегі өндірістік процестері жер асты ұңғымалық шаймалаудың неғұрлым экологиялық технологиясына негізделген, оны қолдану парниктік газдардың атмосфераға ең аз шығарылуымен ілесе жүреді. Парникті газдар Компанияның қызметі барысында қазандықтардың қажеттіліктері үшін отынды (дизель, мазут, көмір) тұтынуға байланысты, бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде, кейбір ЕТҰ-да қалдықтарды жағуға арналған пештерді қолдану кезінде пайда болады, сондай-ақ жылжымалы көздер, оның ішінде автокөлік ескеріледі.
Компанияда тұрақты негізде парниктік газдар шығарындыларының мониторингі бойынша қызмет жүзеге асырылады, Қазатомөнеркәсіп бақылайтын объектілерден тікелей шығарындылардың көлемін сандық бағалау жүргізіледі (қамту 1). Парниктік газдар шығарындыларына мониторингті және есепке алуды өндірістік қауіпсіздік департаменті жүзеге асырады.
Әрбір ЕТҰ үшін парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі шығарындылар туралы есептілік және қазақстандық шығарындылар саудасы жүйесіне қатысу үшін ұлттық деңгейде қабылданған СО2 баламасының 20 000 тоннасының шекті мәнінен аспайды.
Халықтың климаттық өзгерістерді жұмсарту үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту қажеттілігін түсінуін арттыру үшін Қазатомөнеркәсіп және ЕТҰ еңбек ұжымдары жыл сайын «Жер сағаты», «Автокөліксіз бір күн» сияқты халықаралық бастамаларды қолдайды, сондай-ақ проблемаға назар аудару үшін өз іс-шараларын ұйымдастырады, ағаштар отырғызумен және аумақтарды көгалдандырумен айналысады.
Энергия тиімділігі
ЖҰШ әдісімен уран өндіру энергияны көп қажет ететін процесс болып табылады, сондықтан Қазатомөнеркәсіп энергия тиімділігі жоғары жабдықты енгізу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, өндірістік процестерді жаңғырту арқылы энергия тиімділігін арттыруға және өндірістің энерергосыйымдылығын азайтуға бағытталған. Энергия тиімділігі мәселелерін басқару ISO 50001:18001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін барлық Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында енгізілген энергия менеджменті жүйелеріне негізделеді.
Энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау үшін Компанияның кәсіпорындарында 5 жылда бір рет энергия аудиті жүргізіледі. Аудит нәтижелері Қазатомөнеркәсіптің өндіруші кәсіпорындары бойынша Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде пайдаланылады. Бұл жоспарды Компания жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру жоспары шеңберінде құрастырады.
Баламалы энергетика
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында отын-энергетика ресурстарының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ықпал ететін мынадай баламалы энергия көздері пайдаланылады:
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет