| (AIX)    KZT 21100   %   0 USD 41.96   %   4.9

Тұрақты даму

Өңірлердің дамуы

Бизнестің ұзақ мерзімді жетістігі қатынасатын аймақтарда және жалпы елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға, мемлекеттік және жергілікті билік өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынаста болуға, сондай-ақ еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің өмір сүру сапасына байланысты.

Компания қатынасатын аймақтармен ұзақ мерзімді жемісті қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге және әлеуметтік жауапты компанияның имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды дәйектітүрде жүзеге асырады.

1,537 млрд теңгеҚазатомөнеркәсіп 2020 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді атқару шеңберінде әлеуметтік-экономикалық дамуға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға қатынасу аймақтарының бюджеттеріне аударған жалпы сома

Қазатомөнеркәсіп өз қызметін Қазақстанның 5 өңірінде жүзеге асырады:

  • Түркістан облысы
  • Қызылорда облысы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Ақмола облысы
  • Алматы облысы​

Сондай-ақ Компания ірі жұмыс беруші және салық төлеуші болып табылатын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қызметін жүзеге асырады.

Корпоративтік еріктілік

Корпоративтік мәдениеттің негізгі элементі, қызметкерлерді біріктіретін және әлеуметтік-жауапты Компания ретінде Қазатомөнеркәсіптің оң ішкі ахуалы мен имиджін қалыптастыруда персоналдың тартылуын арттыруға ықпал ететін әлеуметтік еріктілер болып табылады.

2020 жыл ішінде «Корпоративтік мәдениетті дамыту» жобасының Жол картасын және Еріктілер Жылын іске асыру шеңберінде Қазатомөнеркәсіп қызметкерлері әр түрлі қоғамдық шараларға қатысты. COVID-19 пандемиясы кезінде қызметкерлерді қолдау шеңберінде, қызметкерлерді психологиялық және физикалық қолдау шараларын қамтитын Qasyndamyz 2020 бағдарламасы іске асырылды:

  • қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған онлайн түрде тыныс алу және физикалық гимнастика
  • Компания қызметкерлерінің еріктілер тобының жұмысын ұйымдастыру: дәрі-дәрмек іздеуге көмектесу, моральдық қолдау көрсету
  • қызметкерлердің өздерін қалай сезінетіндігіне күнделікті сауалнама жүргізу, эмоционалды жағдайды бақылау, психологпен жеке кеңесу, т.с.с.
Пікір қалдыру