| (AIX)    USD 28.58   %0      KZT 13350   %0     

Тұрақты даму

Компания халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.

Компания:

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
  • Адам құқықтары, еңбек қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ Ғаламдық шартының ортақ қағидаларын қолдайды.

Компанияда ұлты, жынысы, шығу тегі, жасы және басқа да белгілері бойынша кемсітуге және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілмейді. Компания қызметкерлерінің өз мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдарды құру немесе оларға қосылу құқықтарын шектемейді. Қызметкерлер, егер ол лауазымдық міндеттерін орындауға әсер етпесе, сондай-ақ қоғамға зиян келтірмесе, кез келген саяси, білім беру, қайырымдылық немесе қоғамдық қызметпен айналыса алады.

Компанияның адам құқықтары жөніндегі қағидаттары еңбек жағдайларын, іскерлік этиканы, әлеуметтік жауапкершілікті, қызметкерлерді дамыту мен оқытуды реттейтін ішкі нормативтік құжаттарда көрсетілгенz

Компанияда адам құқықтарын сақтау бойынша ағымдағы жағдайды бағалау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.

Адам құқықтарын бұзу жағдайлары туралы ақпаратты қызметкерлер немесе өзге де мүдделі тараптар мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:

  • Басшыға жазбаша түрде өтініштер
  • «Жедел желі» / шағымдар жәшігі сенім ақпараттық жүйесі
  • Омбудсмен қызметі
  • Комплаенс қызметінің «жедел желісі»

Компания заңнаманы және Компанияда қабылданған корпоративтік және іскерлік этика нормаларын сақтайтын серіктестер мен контрагенттерді ынтымақтастыққа тартуға ұмтылады. Компания этикалық принциптерді бөлісетін және ұстанатын жеткізушілермен ғана ұзақ мерзімді серіктестікті қолдайды.

Пікір қалдыру