| (AIX)    USD 41.96   %   4.9 KZT 21100   %   0

Тұрақты даму

Адами капитал

Қызметкерлер өндірістік үдерістерде басты рөлді атқарады және Қазатомөнеркәсіпті табысқа жетелейтін негізгі драйвер болып табылады. Компания қолайлы еңбек жағдайын жасауға, барлық қызметкерлерді мансабын өсіруге мүмкіндікпен қамтамасыз етуге және Компания ішінде өзара ашық қарым-қатынасты ұстануға тырысады.

Еңбек жағдайларын үнемі жақсарту, әлеуметтік қолдау, мансаптық өсу және кәсіби даму мүмкіндігі, әрбір қызметкердің мүдделері мен қажеттіліктеріне назар аудару Компанияның басқару жүйесін, атап айтқанда кадрлық және әлеуметтік саясатты қалыптастыруда ең жоғары басымдыққа ие.

Қазатомөнеркәсіптің 2018-2028 жылдарға арналған кадр саясаты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің маңызды құралдарының бірі болып табылады және қызметкерлердің мүдделерін және мүмкіндіктерін мұқият ескере отырып, олардың уәждемесін, жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге, персоналдың Компания өміріне белсенді қатысуын ынталандыруға арналған.

Компания кемсітпеу принципін ұстанады және гендерлік пен жас ерекшелігі бойынша персоналдың құрылымына тұрақты түрде қадағалау жүргізеді.

Қазатомөнеркәсіптің өз қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасындағы басты принциптер – адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік, өзара құрмет, бір-біріне деген сенім, кез келген кемсітушіліктің алдын алу. Компанияда қызметкерлердің еңбек құқықтары мен бостандықтарын шектеуге немесе жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, сондай-ақ мүліктік, отбасылық, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, жасына, тұрғылықты жеріне, дінге деген көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге немесе қандай да бір әлеуметтік топтарға жататындығына немесе жатпайтындығына, сондай-ақ қызметкердің кәсіби қасиеттерімен байланыспайтын басқа да мән-жайларға байланысты қандай да бір артықшылықтар алуға жол берілмейді.

20 000 астам адам бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, Қазатомөнеркәсіп персоналының жалпы тізімдік саны

Әлеуметтік қолдау

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған персоналды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ компаниялар кәсіподақтың қызметін қолдау және жұмыскерлерге – кәсіпорындар ұжымдарының санының 95% құрайтын кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында жыл сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

Компанияның әлеуметтік саясатының ерекше бағыты қызметкерлердің белгілі бір санаттарын қолдау болып табылады: жалғыз басты ата-аналарды, көп балалы отбасылар өкілдерін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын, сондай-ақ жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қолдау. Балаларды қорғау күніне орай жалғыз басты ата-аналар мен 12 жасқа дейінгі үш немесе одан да көп баланың аналары үшін Компания қосымша әлеуметтік қамсыздандыру демалыстарын ұсынады.

Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жасына немесе мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шығу себебі бойынша еңбек шарты бұзылған кезде компания медициналық қызмет көрсетеді және маңызды күндер мен мерекелерге қосымша материалдық көмек көрсетеді.

Қызметкерлер үшін маңызды күндер жұмыс берушілердің назарынан тыс қалмайды. Мерейтойларға (50, 60 жас), балалардың тууына, некеге тұруға, отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты қызметкерлерге материалдық көмек және қосымша ақылы демалыс беріледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге жұмыс берушілерден демалысқа шығуға материалдық көмек төленетініне кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерлерге қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша іс -шаралар жүргізеді: мастер -класстар, сарапшылардың сөз сөйлеуі, корпоративтік БАҚ-та мақалалар жариялау. Өндірістік объектілерде және ЕТҰ ауысымдық лагерлерінде жұмыс орындарының қауіпсіздігін жақсарту және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі: үй-жайларды жөндеу, жұмыс орындарының, демалыс орындарының, спорт залдарының жабдықталуын жақсарту.

Адами капиталды дамыту

Әрбір қызметкердің кәсіби әлеуетін барынша іске асыру үшін Қазатомөнеркәсіптің кадр саясаты персоналдың үздіксіз оқуы және құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауды көздейді. Компанияда әр қызметкердің оқуға деген қажеттілігін және одан әрі мансаптық мүмкіндіктерін анықтайды ұжымдық және жеке іс-әрекетін талдау негізінде кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық қасиеттерін бағалау рәсімдері бар.

Білім және ғылым
Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы
Пікір қалдыру